Лебіздер

35

Құрметті оқырмандар, өздеріңіздің журналға қатысты сын-пікір, сұрақ, тілек-лебіздеріңізді жаза отырыңыздар.

Құрметпен, ”ІТ-тірлік” журналының редакторы Тимур Бектұр

  • http://filmspark.ru Туменбаев Адильбек

    Салеметсиздер ме! Өте қызықты және қазақ программистері үшін керекті журнал деп ойлаймын, рахмет сіздерге! Жаңа ақпарат тосамын!

    • admin

      Сәлем. Көп рахмет. Келесі саны дайындық үстінде. Көз жазып қалмаңыз. Журнал туралы дос-таныстарыңызға да айта жүріңіз.

  • Газиза

    Салеметсіздерме? Алгашкы журналды окып шыктым. Оте керекті дуниелер. казіргі замангы технологияларды тез уйренуге колайлы акпараттар. Сіздердің жумыстарынызга жеміс тілеймін. Тек АЛГА!

    • Тимур Бектұр

      Сәлеметсіз! Журналды оқып шыққаныңыз үшін көп алғыс!

  • Мен ғой

    Журналыңның алғашқы санының жарық көруімен құттықтаймын!
    Бетке айтылған жақсы сөз, мақтау сөздер адамды семіртіп, тәкаппарлыққа, менмендікке, өзімшілдікке, тіпті жалқаулыққа да апарады. Аллаһ тағала өзі сүймейтін бұл қылықтардан сені аулақ етсін! Еңбегіңнің екі дүниеде де қызығын көргейсің! Аллаһ жар болсын! Сәттілік!

    • Тимур Бектұр

      Әмин. Рахмет!

  • Yerbol

    WOW! мынандай журнал болғанына таң қалдым ғой! заманауи технология, IT туралы жаңалықтар т.б. хәм ең маңыздысы ҚАЗАҚША болғанына өте қуаныштымын. енді біз журналды тек қана интернеттен оқимыз ба? pdf жасап оқуға мүмкіншіліктеріміз бола ма?

    • Тимур Бектұр

      Ербол, лебізіңіз үшін көп рахмет! Журналды әзірше тек қана осы күйінде оқи аласыздар. Оқырман санына байланысты қосымша қызметтер енуі мүмкін. Ол үшін сіз болып, біз болып, бұл журналды көпшілікке жеткізуге ат салысуымыз керек. Мүмкін болса, басқы беттегі сауалнамаға жауап беруіңізді сұраймын.

  • Улбосын

    Журнал жақсы екен. Журналдың РDF немесе WORD түріндегі нұсқасын қосып берсеңіздер тіпті жақсы болар еді. Қазіргі нарықтағы қолданылатын программалар туралы мәліметтер (Самаучительдер) қоссаңыздар Сайтты қолданатын қазақ жастары көп болатынына сенімдімін. Сайттың қазақ тілінде болғандығы қуантады

    • Тимур Бектұр

      Журналдың РDF нұсқасының берілу-берілмеуі қарастырылып жатыр. Дегенмен, ескереміз. Рахмет!

  • Жандос

    баракаллаху фик, т.е. кутты болсын -)
    тезтез карап шыктым, уакыт жок просты ) нормальны шыккан. рассылка стептуруга болад мейлге

    • Тимур Бектұр

      :)) Әмин! Жекеге шығып, ақылдасуға болады.

  • Азамат

    Тамаша жоба! Қазақ тілінде бұрын-соңды мұндай интернет журналды көрген емеспін. Бастамаларың игілікті болсын! Қазнеттің дамуына қосқан үлестеріңе рахмет! Журналдың жаңа сандарын асыға күтеміз. Істерің сәтті болсын!

    P.S. Журналдың жүктеп (скачать етіп) алып танысуға болатын нұсқасын жасасаңдар нұр үсітне нұр болар еді деген ойдамын.

    • Тимур Бектұр

      Алғысымды білдіремін!

  • http://softzone.kz mr.smit

    жақсы екен маған қатты ұнады ,айта жүретін боламыз!

    • Тимур Бектұр

      Қуаныштымын!

  • http://softzone.kz mr.smit

    18 бет Goole дың онлайн хранилешесі – неге қойма демеске ?

    • Тимур Бектұр

      Әрине, қойма. Барлық жұмысты жалғыз адам істеген кезде осындай кемшіліктер болып тұрады.

  • Абай Асанкелдіұлы

    Өте керемет, Тәке! Жақсы жасапсыз. Өз ойымды айта кетсем, редактор бағанындағы екі әріпті үлкен еткен онша емес көрінетін секілді. Сосын, стильдік тұрғыдан дұрыстау керек секілді. Қателерді жөндеп дегендей…

    • Тимур Бектұр

      Рахмет. Ескеремін.

  • tungishbaev bazaraly

    o.k.

  • Шаяхмет Бұрқанұлы

    Сәлем! Мен өз туып өскен өлкемді көріп,оқып бір жағынан қуанып,бір жағынан жүрегім ауырды.Ыстық қой шіркін.Жастар дұрыстап жазса,жарнамаласа деймін.Монголия десе болды даладағы бір сиыр,мал,кигіз үйді ғана көрсетеді.Өлгейдің көрнісін той кезінде түсірген быт-шыт суреттерден ғана көрдім.Толық таныстыру жоқ.Аймақтың құрылымы,оның қызметтері,нәтижелері,келешегі туралы жоқ.Шет елдегі бізге неше қазақ еңбек батырлары болды.Оның қандай нәтижелері болғаны бір альбом болып шықсада жетер еді.Ол соц/заманы болсада тарих қой.Ел басқарған ағалар туралы кітапты көріп тағы жүрегім ауырды.Бір-бірін танитындар өз өздерін ғана жазған.Осындай шалапай мәліметтер ұятқа апарады.Осыны еске ала жүрсе-деймін. Б.Шаяхмет.+8 7014448462; (Shayakhmet_Burkanuly@mail.ru) 87183751280.

  • bazaraigul

    Тимур сәттілік тілеймін! Өткенде шыққан күні асығыс қарағам, бүгін пікір жаза кетейін дедім.

    • Тимур Бектұр

      Рахмет! Журналдағы мәліметтер пайдалы болды деп ойлаймын:))

  • Газиза

    Сәлем! Онлайн журнал көңілімнен шықты. Сәттілік тілеймін! Келесі жолғы санында андроид телефондары жайлы жазуыңызды өтінемін.

  • Cамал

    Тимур жарайсын, молодец. Журнал маган унады. Талай жетистиктерге жете бер. КСУ 01-1 алга!

  • нурсултан есетов

    ассалямуалекум! шынымды айтсам маган да катты унады осы жоба. оте керемет,енди копке жеткизу калып тур, АЛЛАХ жумысынызга береке берсин

  • Газиза

    келеси саны кашан шыгады

    • Тимур Бектұр

      Жақында…

  • Bahyt

    Ассалаумагалейкум,Тимур,Бауырым.Суперсин го,маладец,исин онга бассын.шыгармашылык табыс тилеймин.Инин Бакыт

    • Тимур Бектұр

      Уағалейкумассалам! Рахмет!

  • http://twitter.com/spargapis Daniyar Sakenov

    Журналдың екінші саны біріншісінен де жақсы екен, ғаламат еңбек, пайдалы ақпар.

  • http://www.facebook.com/sabit.baitenov Sabit Baitenov

    мына жоба керемет екен танысқаныма біраз болды, алғашқы әсер әлі тарқамады керемет. Бұны мыңдаған қазақ жастарының арасына тарату керек және мен осыны жасай алатыныма сенімдімін!!!

    • http://www.facebook.com/profile.php?id=100000091009036 Timur Bektur

      Лебізіңе рахмет, Сәбит бауырым! Көмектесуге ниетті екеніңе шын қуаныштымын. Жеке поштаңа хат жолдаймын.

  • http://www.facebook.com/zhasulan.samigollauly Zhasulan Samigollauly

    “Өссе тілім менде бірге өсемін, Өшсе тілім менде бірге өшемін” деп жүрген Тимур ағама алғысым шексіз!