Facebook пен Apple арасындағы соғыс

0

Facebook iOS6 және десктопты Apple ОС интегралдайды.

Apple және Facebook – екі алып арасындағы соғыс – ресми түрде аяқталған сияқты: енді компаниялар Apple күзде шығаруды жоспарлаған іOS6 және OSX Mountain Lion үшін бірге жұмыс істейді.

Сан-Францискодағы әзірлеу конференциясында Apple WWDC 2012 Apple-дің CEO Тим Кук үндеген ақпараты расталды. Компания өздерінің мобильді және десктопты операциялық жүйесін Facebook-пен интегралдайды.

Интегралдау екі компания үшін де тиімді, өйткені Apple жүйелері әлеуметтірек болады, ал Facebook Apple құрылғыларын қолданушылар үшін ыңғайлырақ болады. Сол арқылы Apple және Facebook өзінің әлеуметтік жүйесі, өзінің мобильді операциялық жүйесі бар Google-ға төтеп бере алады.

Facebook iOS үшін ең көп жүктелетін қосымша бағдарлама, бірақ интегралдау қолданушылардың белсенділігін арттыра алады: мысалы, алдыңғы жылғы Twitte-дің  iOS5-пен интегралдауы сервиске iOS қолданушыларының үш есе көбеюін алып келді.

Сонымен бірге Facebook AppStore-ға да интегралданады, оның көмегімен қолданушылар қандай қосымша бағдарламалар ұнағанын белгілей алады және достарына қандай ұнағанын көре алады.

You might also like More from author