Chrome Remote Desktop бета-нұсқа статусынан шықты

0

Google компаниясы Chrome Remote Desktop сервисін бета-нұсқа статусынан шығарды

Шамамен бір жыл бұрын Google компаниясы Chrome Remote Desktop сервисін бета-нұсқасында іске қосқан болатын. Бұл сервис қашықтықтағы компьютерді (удаленный компьютер) басқаруға мүмкіндік береді. Айталық, сіз іссапарда жүрсеңіз де, осы сервис арқылы үйдегі компьютерді басқара аласыз.

Бұған қоса, негізгі (локалды) және қашықтықтағы компьютерде де әртүрлі операциондық жүйе қолдана беруге болады. Сервисті пайдалану үшін тек Chrome браузері мен интернет болуы ғана шарт.

Енді Google компаниясы Chrome Remote Desktop сервисінің бета-нұсқа статусынан шыққанын хабарлап отыр. Онымен қоса, сервисте кейбір жаңа функциялар пайда болған. Мысалы, Windows платформасы үшін әп сәтте музыкалық файлдармен алмасу мүмкіндігі қарастырылған. Осылайша қолданушы әлемнің кез келген түкпірінен үйіндегі компьютеріне қосылып, сүйікті әндерін тыңдай алады.

Бұдан бөлек, локалды және қашықтықтағы компьютерлер арасында деректерді өзара алмастыруға мүмкіндік беретін copy-and-past функциясы қосылған.

Google компаниясы Chrome Remote Desktop сервисінің әсіресе, жаңа Samsung Chromebook қолданушыларына өте қолайлы болатынын айтып отыр. Сервис қолданушыларға жолға шыққан кезде артынып-тартынбай, өте ықшамды әрі жеңіл Chromebook-пен жүре беруіне мүмкіндік береді. Керек жағдайда үйдегі немесе жұмыстағы PC немесе Mac платформасындағы компьютердегі деректерге қол жеткізе аласыз.

Бұдан бөлек, бұл сервис арқылы қашықтықтағы компьютермен кейбір жұмыстарды атқара беруге болады. Мысалы, принтерді орнату немесе қажетті файлды табу деген сияқты.

Chrome Remote Desktop сервисін Chrome дүкенінен арнайы қосымшаны орнату арқылы қолдана аласыз.

Сурет: http://techgyo.com

You might also like More from author