Samsung Galaxy SIII mini смартфонын таныстырды

0

Барлығы осы аптада жариялануы тиіс iPad-тың шағын нұсқасы туралы хабарды күтіп отырғанда Apple-дің басты бәсекелесі өз «бестселлерінің» ықшамдалған нұсқасын таныстырды.

Samsung-тың Galaxy S III mini моделі көлемі жағынан ғана шағын болмай, өнімділігі де аса төмен болып шыққан. 800х480 көлемді экран, 1-ГГц екі ядролық процессор, 5 мп камера, фронтальды VGA камера– мұндай сипаттағы құрылғыға 2012 жыл аяғында таңқалу қиындау. 121,55х63х9,85 мм өлшемдегі жаңа өнімнің салмағы 111,5 грамм.

Бәлкім, оның осындай «қарапайымдылығын» аса қымбат емес бағасы «ақтайтын» шығар. Бірақ қалай болғанда «мини» смартфондардың бәсекелестері нарықта өте көп.  

You might also like More from author