Transformer Book планшеттік ноутбугы таныстырылды

0

ASUS компаниясы Windows 8 операциялық жүйесімен жұмыс істейтін Transformer Book планшеттік ноутбук шығарғанын хабарлады.

IPS матрицасы негізінде құрылған жаңа өнімнің планшеттік бөлігі 1920х1080 ұяшықтан тұратын 13,3 дюймдік сенсорлық экранмен жабдықталған. Дисплей ашықтығы 350 нитке дейін барады. Құрылғы Intel Core i7-3517U немесе Core i5-3317U процессорларының бірімен жабдықталуы мүмкін.

Бұдан бөлек, жаңа өнім иесі 1600 мегагерц жиілікте істейтін DDR3 стандартындағы төрт гигабайттық оперативтік жадыға ие болады. Сонымен бірге қатты жинақтағыштағы 128 гигабайт жадыға, micro SD/SDHC/SDXC форматтағы жадыға арналған слот және сымсыз желілер модуліне де қол жеткізе алады.

Сонымен бірге ноутбуктың беткі жағында веб-камера бар. Бес мегапиксельдік камера өнімнің артқы жағына да орнатылған. Бұған қоса, SonicMaster технологиясына бейімделген акустикалық жүйе, микрофон, наушникті сұғып қосуға арналған дыбыстық ажыратқыштар да өнімнің қолайлығын арттыра түседі.

Тауар комплектісіне дайын пернетақта блогы да кіреді. Пернетақта мен тачпадтан бөлек, онда 500 гигабайттық қатты диск, SD/SDHC/SDXC форматтағы жадыға арналған слот, SonicMaster технологиясына бейімделген акустикалық жүйе, жоғары жылдамдықта істейтін екі USB 3.0 порты, Ethernet желілік порты, Mini DisplayPort видеовыход, және қосымша батареясы бар. Жаңа өнімнің қанша сағатқа шыдайтыны әзірге, айтылмаған.

Ноутбуктың дүкендерге қашан түсетіні және қандай бағамен сатылатыны туралы да әзірге, мәлімет жоқ.

You might also like More from author