Twitter-дің жеке видеохостингі болады

0

Микроблогтар сервисі жеке видеохостинг жасауға ниеттеніп отыр. Ол үшін Twitter Vine стартапын сатып алады.

Осылайша қолданушылар сервиске жеке өздерінің видеоларын жүктей алатын болады. Vine жобасы iPhone смартфонымен түсірілген видеоны сайтқа жүктеуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, қолданушылар бейнежазбаларды қарапайым функциялармен өңдей де алады.

Бұл ақпарат Twitter сайтының негізгі бетінде жарияланған. Онда сонымен бірге бұл жобаның әзірге, іске қосылмағаны туралы ақпарат бар.

Видеохостинг Twitter қолданушыларына видеоны веб-интерфейс арқылы да, телефон арқылы да жүктеуге мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде қолданушылар сервиске видеоны yFrog, TwitVid, Vodpod сияқты арнайы видео хостингтердің көмегімен жүктеп жүр. Мұнда видеоларды телефон арқылы да жүктеуге болады. Бірақ соған қарамастан бұл сервистер Twitter-дің жұмысын қиындатып, аудиториясының тарылуына әсер етуде. Себебі, қолданушылар видеоконтенттермен жылдам әрі оңай алмасуға мүмкіндік беретін өзге сайттарға ауысып, сол жақта қалып қалады.

Бұған қоса, видеоларды көруде қандай да бір қиындықтар туындаса, қолданушылар аты аталған сервистерге емес, Twitter әкімшілігіне шағымданады.

Ал егер Twitter-дің өзінің жеке видеохостингі пайда болса, бұл проблемалар біртіндеп шешіле бастайды. Twitter-дің бірқатар әлеуметтік желілермен (мысалы, LinkedIn), сурет алмасу қызметтерімен (TwitPic) «ат құйрығын шорт кесісуінен» кейін бұл шешім заңды да шығар.

Бұған дейін микроблог сервисінің құрылтайшысы Джек Дорсидің сервисті басқару қызметінен кетіп, өзінің жаңа мобайл төлемдік стартап жобасы – Square-мен айналысатыны туралы белгілі болған еді.

Сурет: http://apploidnews.com

 

You might also like More from author