Қазақстанда «Электрондық сауда туралы» Заң қабылданады. Zakon.kz сайтының ақпаратына сүйенсек, Үкіметтің 27 қараша күнгі отырысында ҚР Көлік және коммуникация министрі А.Жұмағалиев “Ақпараттық Қазақстан – 2020” мемлекеттік бағдарламасын ұсына отырып, қабылданатын заң туралы айтып өткен.
“Интернеттегі электрондық төлемдер белсенді түрде алға жылжитын болады, сол үшін “Электрондық сауда туралы” Заң қабылданады. Барлық техникалық құрамдаушылар құрылып, оның ішінде онлайн-төлемдер, логистикалық каналдар мен курьерлік қызметтер қамтылады. Бұл біздің қоғамның дамуы үшін қажетті электрондық сауданың дұрыс жолға қойылған жүйесін құруға мүмкіндік береді”, – деп хабарлады министр.
Ақпарат көзі: profit.kz
Сурет: bicotender.ru