Canonical компаниясы Ubuntu-ды Google Nexus 7 планшетіне «сәйкестендірді»

0

Енді Google Nexus 7 планшетіне әдепкі OC Android Jelly Bean-мен қатар, Ubuntu операциондық жүйесін де орнатуға болады. Canonical компаниясы Google Nexus 7 планшетіне арнап Ubuntu Nexus 7 Desktop Installer құралын жасап шығарды.

 

Ubuntu операциондық жүйесін Google Nexus 7 планшетіне орнату үшін қолданушыда бұғаттан босатылған жүктемелі планшет, Ubuntu орнатылған дербес компьютер мен компьютерге орнатылған Ubuntu Nexus 7 Desktop Installer құралы болуы тиіс. Жаңа жүйені Google Nexus 7 планшетіне орнатуға шамамен 15 минут уақыт кетеді. Және бір жақсысы бұл қайтарымды процесс. Яғни, керек жағдайда қолданушы OC Android-қа орала алады.

 

Ubuntu Nexus 7 Desktop Installer жобасы бұл Canonical-дың операциондық жүйені өзге мобильді платформалар, смартфон мен ноутбуктарға орнатуға бағытталған ауқымды жоспарының бір бөлігі ғана екені айтылуда.

 

Сарапшылар бұл тұста операциондық жүйе жасаушылардың мобильді платформаларға қажет аспектілерге назар аудару керек екенін айтады. Бұлар: батареяның жұмыс істеу ұзақтығы, бір мезгілде іске қосылатын процестердің саны, жадыны қолдану т.б

сурет: nexusnews.ru

You might also like More from author