Nokia компаниясы бюджеттік Lumia 510 смартфонын таныстырды

0

Nokia компаниясы Windows Phone платформасы негізінде жасалған Lumia 510 смартфонының жаңа моделін таныстырды. Ол алғашқы деңгейдегі құрылғы саналады.

Техникалық сипаты мынадай: смартфонның экран көлемі 4 дюйм, сенсорлы TFT WVGA дисплеймен жабдықталған (800х400 ұяшық), Snapdragon S1 процессоры бар, 256 МБ оперативтік жадысы және қосымша 4 ГБ жадысы бар. Карта орнату арқылы ішкі жады көлемін ұлғайту мүмкіндігі жоқ. Есесіне қолданушыларға деректерін сақтау үшін Skydrive бұлт технологиясын қолдануды ұсынады. Онда кез-келген қолданушы 7 ГБ көлемінде бос орын ала алады.

Ақпарат көзі: itc.ua

You might also like More from author