Бұлтта құжат сақтау жүйесі

0

Бұлттық құжат сақтау — бұл құжат сақтау модельі, интернетте ақпаратты көптеген серверлерде құжаттарды бөліп сақтау арқылы өзінің тұтынушыларына қалаған уақытта құжатпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл құжатты сақтау жүйесінде сіздің ақпаратыңыз бір серверді жалға алу немесе сатып алып меншіктеп сақтау емес. Бұнда сіздің құжаттарыңыз көптеген серверлерде бөлініп сақталынады. Ақпарат әр түрлі серверде сақталынғанмен бірақ тұтынушы түсінігінде үлкен бір виртуалды серверге жинақталынып ақпарат өңделініп, құжатыңыз сақталынып отырады.

Ал енді нақты төбеде айтып кеткен мүмкіншіліктерді сізге тегін түрде құжаттарыңызды сақтауға мүмкіндік беретін 5 сайтты назарларыңызға ұсынамын.

google-drive1) Google Drive – бұл Google атты алпауыт компанияның шығарған бұлтты құжат сақтау жүйесі. Бұл бұлтты құжат сақтау сайтын қосу туралы ақпарат сонау 2006 жылдары шыққанымен, жақында ғана іске қосылды.  Басқа бәсекелестеріне қарағанда бастапқы кеде Google Drive сізге тегін 5 Гб орын, қосымша одан бөлек Gmail поштасына 10 Гб, Picasa сурет сақтауға 1 Гб орын береді.

Арнайы Google Drive-пен жұмыс жасау үшін PC, Mac, Linux немесе мобильді құрылғыларға арналған бағдарламасын жүктеп, орнатып, еркін бұлтты құжат сақтау серверіндегі құжаттармен жұмыс жасай беруіңізге болады. Басып атап көрсететіні бәсекелестеріңнің алдындағы артықшылығы сақтаған құжаттарыңыз Google-дің басқа да ұсынатын қызметтері арқылы құжатты өңдей беретіндігіңізде. Мысалы: Мәтіндік немесе кестелік құжаттарыңызды Google Docs  арқылы онлайн өңдей бересіз. Өңделген құжат үлкен виртуалды бұлтты құжат сақтау жүйесі серверінде сақталынады. Одан бөлек құжатты қарапайым браузер арқылы құжатты жүктеп, өңдеп қажет болса өшіріп тастауыңызға болады. Барлық құжаттарды жүктелген, өңделген күні бойынша немесе құжаттың түрін кесте бойынша сорттауға болады.

Ал сіз естімеген болсаңыз мына Google Drive туралы ақпаратты оқып сонда толықтай көшіп кетсеңіз таң қалмаймын. Google Drive-та сканерленген құжаттағы мәтіндерді автоматты түрде танып(распозновать) мәтінге айналдырып беретін мүмкіншілігі қарастырылған.

Сайтты қолдану үшін тек Gmail-ға тіркелген логин және құпия сөзіңіз жарай береді.

Google Drive-тың веб-беті: https://drive.google.com

Қазіргі таңда Google Drive үш тарифтік жоспарын ұсынады.
Free – 5 Гб тегін. 
Pro 25 – 25 Гб – айына $2.49 төлеуіңіз керек.
Pro 100 – 100 Гб – айына $4.99 төлеуіңіз керек.

Dropbox2) Dropbox – бұл бұлтты құжат сақтау жүйесінің ең танымал әрі көшбасшысы болып санады. Мұнда құжатпен жұмыс істеу синхронды түрде жүреді. Яғни сіз өзгертке құжат автоматты түрде серверде де өзгертілініп, сақталынып отырады.

Dropbox арнайы бұлтты құжатты сақтау сайтымен жұмыс істеу үшін PC, Mac, Linux немесе мобильді құрылғыларға арналған бағдарламасын жүктеп, орнатып, еркін қалаған уақытыңызда қажеттілігіңізге қарай қолдана бересіз.

Басқа бұлтты құжат сақтаудан  Dropbox артықшылығы жеңіл орнатылып, тұтынушыға түсінікті, қолдануға ыңғайлылығында.  Құжатты  алып Dropbox істеген арнайы Бумаға(Папка)  салсақ жеткілікті. Dropbox-тың басқа бәсекелестерінен басымдығы оның құжатпен жұмыс істегенде барлық құжатты толықтай қайта жүктемей,

тек құжаттың өзгертілген бөлігін ғана жүктеп өзгеріс енгізіп сақтап қояды. Құжатты сақтауға жүктегенде сығылып жылдам жүктеледі, соның есебінен жұмыс істеу жылдамдығы жоғары. Осындай ерекшелігімен Dropbox  басқа бәсекелестеріне қарағанда өте танымал.

Dropbox –тың сайты: http://www.dropbox.com

Basic – 2 Гб – тегін. Арнайы жеңілдіктер арқылы тегін арттыруға болады;
Pro 50 –  50 Гб – айына $9.99 төлеуіңіз керек немесе жылына $99.00;
Pro 100 –  100 Гб – айына $19.99 төлеуіңіз керек немесе жылына $199.00;

yandex-disk-anon3) Яндекс.Диск – бұл ТМД бөлігінде кеңінен тараған өте мықты іздеу жүйесі Яндекс компаниясының өнімі болып саналады. Яндекс ұсынатын бұлтты құжат сақтау сервисін 2012 жылдың 5 сәуірінде іске қосты. Бірақ әзірге бұл қызмет түрін тек арнайы шақырту арқылы қолдана аласыз. Толық тексеруден кейін жалпы барша қолданушыға жалпы қолданушыларға ашық түрде қолдануға беріледі.

“Яндекс.Диск” –та өзіндік ерекшелігімен тұтынушыларының көңілінен шықпақ. Мұнда сіз құжаттың қалаған түрін сақтай аласыз. Мұнда ән, сурет, видео және құжаттардың қалаған түрін сақтай аласыз. Сізге бұлтты құжат сақтау серверлерінен 10 Гб тегін орын беріледі.

“Яндекс.Диск” арнайы бұлтты құжатты сақтау сайтымен жұмыс істеу үшін PC, Mac немесе мобильді құрылғыларға арналған бағдарламасын жүктеп құжаттармен жұмыс жасай аласыз.  Құжаттарды браузер арқылы да емін-еркін қолданып, қажет болса достарыңызбен де бөлісе аласыз. Егер тез арада сайттың мүмкіншілігін қолданып, құжаттарыңызбен синхронды түрде осында сақтағыңыз келсе шақырту алып тез арада сайттың мүмкіншілігін бағалағыңыз келсе онда өзіңіздің Е-Майл мекеніңізді көрсетілген бөлікке жазып Шақырту қалдыру батырмасын басыңыз.

“Яндекс.Диск”  –тың сайты: http://disk.yandex.ru

sky drive4) Windows Live SkyDrive – 2007 жылы ашылған Microsoft  компаниясының басқаруындағы, Бұлтты құжат сақтау интернет-сервисі арқылы құжат алмасу үшін жасалынған. SkyDrive ұсынатын сервис Microsoft Office- пен байланыстырылған. Арнайы бағдарламалар арқылы Excel, OneNote, PowerPoint және Word-тағы құжаттарды  Windows Live SkyDrive –қа онлайн сақтауға болады.

SkyDrive арнайы бұлтты құжатты сақтау сайтымен жұмыс істеу үшін PC, Mac немесе мобильді құрылғыларға арналған бағдарламасын орнатып жұмыс істеуіңізге болады. Аталған Бұлтты құжат сақтау сервистерінің ішінде мобильді құрылғылармен өте жақсы, әрі жеңіл істейтіні осы SkyDrive-тың қызметі болып саналады. SkyDrive сервисі Windows-тың бумалары секілді, құжатарды бөліп-бөліп сақтауға болады. Ол үшін тегін 7 Гб орын қарастырылған. Суреттеріңізді слайд түрінде жылдам көре аласыз. Құжаттар орналасқан бумаларға арнайы шектеу қою немесе шектеусіз етуге болады.  Яғни басқа адам көріп жүйтей алуатын және жүктей алмайтындай етіп.

Windows Live SkyDrive –тың сайты: https://skydrive.live.com

Қазіргі таңда SkyDrive төрт тарифтік жоспарын ұсынады:
7 Гб – тегін;
45 Гб – жылына  $10; 
75 Гб – жылына  $25;
125 Гб – жылына  $50;

boxnet5) Box.net  – Қазіргі таңда қолдану жағынан ең тиімді бұлтты құжат сақтаудың бірі болып Box.net саналады. Тек жеке тұтынушы қолданушыларға ұсыныстарынан бөлек, бизнесін жүргізіп отқан ірі компанияларға бизнеске қолайлы файл сақтау жүйесі болып отыр. Сервисті жасаған мамандар API жүйесін де жақсы жетілдірген, сондықтан Box.net сервисін корпоративті жүйемен байланыстыруға болады.

Box.net жасаушылардың ақпараты бойынша 120 мыңнан жоғары компаниялар қызметті пайдаланатын көрінеді. Тиісінше басты назарда құжаттардың ұқыпты, артық ешкім сіздің рұқсатыңсыз құжаттарға қол жетпейтіндей болуының қауіпсіздігі басты назарда ұсталады.

Box.net-та қазіргі таңда қалаған кеңейтілімді құжатты браузер арқылы көріп, қажет болса офистік құжаттарға браузерде ашып қойып өзгертулер мен толықтырулар енгізіп сақтап қоя аласыз. Қызметті қолдану үшін арнайы бағдарламаны жүктеп оны орнатып отырудың қажеті жоқ, барық іс-әрекеттер браузер арқылы іске асырылына береді.

Жаңа мүмкіншіліктер арқылы сіз құжаттарды көріп ғана қоймай, ол құжатты блогыңызда жариялауға немесе басқа достарыңызға көру, пікір қалдыру немесе өңдеуге рұқсат бере аласыз. Бұл қызмет түрі егер сіз өзіңіздің клиенттеріңізге бір құжатты көрсету немесе түсіндіру үшін өте ыңғайлы болып саналады.

Box.net –тың сайты: http://box.com

Box.net бір тегін және екі ақылы тарифтік жоспары бар:
Personal 5 Гб – тегін; 
Business – $15 айына; 3 тен 500 қолданушы қолдана алады,  500 Гб орын беріледі;
Enterprise – қолданушы саны мен берілетін орынға қарай баға бекітіледі.

Дайындаған: Ербол Серікбай

You might also like More from author