Ғалымдар Twitter-дің тілдегі неологизмдердің қайнар көзі екенін растады

0

IT-Tirlik - тің туиттердегі аккаунтыТілдегі жаңа сөздер қайдан туындайды? Бұрындары қай жерде, қай уақытта болсын, неологизмдер пайда бола беретін. Ал қазір Туиттерде туындайды. «Бұл тұжырым, жоқ дегенде, АҚШ үшін, оның ішінде афро-американдық тұрғындар үшін рас болып тұр,» – дейді зерттеушілер. Джорджий технологиясы институтының зерттеушілер тобы 2009 жылдың желтоқсанынан бастап, 2011 жылдың мамыр айы аралығында американдықтардың желідегі шағын блогына жариялаған 30 миллионға жуық хабарламаларын сараптап көрген.

Тіл мамандарының анықтауы бойынша, тілдегі жаңалықтардың басым бөлігі елдің оңтүстік аймағында, оның ішінде Калифорнияда туындайды. Сондай-ақ АҚШ оңтүстігінің тұрғындары классикалық тілді жеңілдетуге құмар. Мысалы, «brother» сөзі «bro» боп қысқаруына әсер етуші АҚШ оңтүстік тұрғындарының ішіндегі афро-американдық бөлігі болатын, ал ол қазір ресми тіркелмесе де, жалпылама қолданыстағы сөз болып кетті, қазір көбісі «bruh» деген экзотикалық формасын қолданып жүр. Дәл осындай жағдай көптеген атаулар мен терминдерде де болуда.

Мамандар көптеген оңтүстік штаттарда жалпы қолданыстағы сөз тіркестерін жиі қысқартып қолданатынын айтады. Мысалы, хаттарда «ctfu» сөзін қолдану АҚШ тұрғындарын таңғалдырады, алайда, көбісі оның «cracking the fuck up» екенін түсінеді.

Саралай келе, лингвистер афро-американдық тұрғындар тығыз орналасқан аймақтардың тіліне жаңалық енетінін растап отыр. Өздерінің айтуы бойынша, зерттеушілер әлі өз жұмыстарын аяқтамаған және алдағы уақытта штаттардағы тіл инновациясының қайнаған ортасы болатын нүктелерді анықтамақ.

Заманауи американдық ағылшын тілінің тағы бір ерекшелігі – жаргон сөздердің көбеюі және оның мағынасының да қиындай түсуі. Бір жағынан, оларды қолданушыларға жақсы болса, екінші жағынан, басқа тілге аударғанда айтарлықтай қиындықтар туындайды да, сөйлемнің мағынасы өзгеріп жатады.

Зерттеу жүргізіп отырған авторлардың бірінің айтуы бойынша, тілдегі неологизмдер географиялық тәуелділікке қарай тарайды. Ештеңеге қарамастан, АҚШ тұрғындары өте мобилді, Туиттер тіптен шексіз.

Қазіргі кезде зерттеушілер заманауи ағылшын тілі мен оның американдық нұсқасына неологизмдердің енуіне әлеуметтік желілердің қалай ықпал етіп жатқанын анықтау үстінде.

Ақпарат көзі: cybersecurity.ru

 

 

You might also like More from author