Конкурс нәтижесі анықталды

1

twitkonkurs

Мамырдың 3-і күні туиттердегі аккаунтымыз арқылы “Windows 8-ге шолу немесе Microsoft-тың кезекті жүйесі” мақаласы үшін конкурс жариялаған болатынбыз. Бүгін соның қорытындысы шықты. 

Негізі конкурстың шарты өте қарапайым болатын. Бірақ соның өзінде де көпшілік РТ жасаушы адамдар біздің аккаунтқа фоллоу жасамаған, яғни ермеген. Сол себепті ол кісілер жарысқа қатыстырылмады. Ең өкініштісі, ол адамдардың ішінде журналымызға әрдайым қолдау білдіріп, үнемі мақалалармен бөлісіп жүретін және өмірде өзім танитын адамдар болды. Алайда, ереже ол ереже! Сондықтан, ол кісілер де жарыстан сырт қалды.

Ал енді шарамыздың қорытындысына келетін болсақ, ол random.org сайты арқылы жасалды. Яғни біздің конкурсқа қатысқан адамдардың (Twitter + Facebook) тізімін жеребе бойынша анықтадық. 

RandomRT

Нәтижесінде алматылық @erkesh_m атты азамат жеңімпаз атанды. Сол үшін оқырманымызды шын жүректен құттықтаймыз.

фвапф

Ең маңызды сәт: жеңімпазға берілетін сыйлығымыз ол Атырау қаласында орналасқан “ПростоХобби” атты керемет кітап дүкенінің 75% пайыз жеңілдік сертификаты. 

сертификат IT Tirlik

Еркеш мырза, жүлдеңіз құтты болсын! Енді сіз “ПростоХобби” кітап дүкенінде бар кітап қорынан өзіңіз таңдаған кез-келген бір кітапты 75 % жеңілдікпен иелену мүмкіндігіңіз бар. Кітаптар тізімін біздің поштамызға хабарласу арқылы ала аласыз. 

prihodite-v-magazin-knig-prosto-hobbi-fotografii

 

 

  • http://twitter.com/ErkinBalakhmet Erkin Balakhmetov

    Құт-тық-таймыз!