Тәулік бойы көрсетілетін онлайн-арна іске қосылады

1

Бірінші интернет канал қазақшаЖақында тәулік бойы көрсетілетін қазақша  БИКТВ (Бірінші интернет канал) жобасы іске қосылады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Бұл жоба дәстүрлі телеарналардан бөлек. Көрермендермен тығыз байланыс орната отырып контент жасайтын, 24 сағат бойы онлайн көрсетілімді интернет телеарнасы» дейді ұйымдастырушылардың бірі Нұрлан Құлымбетов.

BIK-TV.KZ сайтында онлайн таратылатын арнада елде және әлемде болып жатқан өзекті мәселелерге жылдам әрі қолжетімді түрде шолулар жасап отырылмақ. Арнада жаңадан шығып келе жатқан өнер иелерін, жас ғалымдарды, спорт шеберлерін халыққа таныстырылмақ. Тіпті, телеарналарға шығаруға қаржысы жете қоймайтын жақсы клиптер мен қысқаметражды фильмдерді аталмыш канал арқылы жарияланады.

«Жалпы алсақ, бұл арна бүкіл түркі әлеміне арналып отыр. Және аталмыш канал шетелдегі қандастарымыз үшін ең қолжетімді канал болмақ, яғни есебімізде аудиториямыз 2 млн-ға жуық көрермен болады деп болжаудамыз», дейді Нұрлан Құлымбетов,

Каналдың жұмысын бастауға идеологиялық және техникалық түрде негіз болғандардың бірі – танымал, әрі талантты бағдарламалаушы Садық Шерімбек.

«Жоспарда кабелді және сандық телеарналар жүйесіне қосылу бар. Қазір телеарналардың өздері өнімдерін интернетпен интеграция жасауда. Сондықтан интернет арналар келе жатқан 2-3 жылдың ішінде маңызды рөлге ие болады. Біздің зерттеуіміз бойынша бізге балама мұндай форматтағы жоба Орта Азияда әлі байқалмады», дейді ұйымдастырушылар.

Тұңғыш қазақтілді интернет арнасы алдағы аптада тесттік шығарылыммен көрсетіле б

You might also like More from author

  • http://www.facebook.com/zhasulan.samigollauly Zhasulan Samigollauly

    Бір тамаша дүние болғалы тұрау шамасы! Осындай бастамалар көп болсын дейміз!