Азаматтарды e-үкімет порталымен жұмыс істеуге үйретеді

0

egov.kz9 шілдеден  бастап Республиканың жүз елді мекенінде электрондық үкіметтің egov.kz порталымен жұмыс істеуге үйрету мақсатындағы семинарлар басталады.

Мамандар қалалар мен ауыл тұрғындарына, мысалы, электрондық қолтаңбаны қалай алу керектігін, сонын арқасында мемлекеттік электрондық қызметтерді алу жайлы әңгімелейді.

Тегін сабақтардың ұзақтығы үш сағат. Бұл  уақытта тыңдармандар теориялық біліммен қатар, іс жүзінде білімдерін толықтырады. Порталдағы қызмет түрлерін іздеуге, салықтарды, айппұлдарды, тұрмыс қызметтерін төлеуді және қажетті ақпараттарды алуға үйретеді. Бағдарлама аяғында қатысушыларға курсты оқып бітіргендіктері жайлы куәліктер табыс етіледі.

Жоспар бойынша, биылғы жылдың қараша айына дейін оқуды 61 мың адам өтеді. 2011-12 жылдары электрондық үкіметтің порталымен жұмыс істеу оқу курсын 142 мыңға жуық қазақстандық өткен.

Бағдарлама шеңберінде кеңселерге шығып, компания ұжымдарына семинарлар жүргізу қарастырылаған. Азаматтар  мен ұжымдардан қатысу жайлы мәлімдемелер Біріңғай байланыс-орталығында, 1414 нөмірі бойынша қабыл алынады (ұялы және стационарлық телефондардан қоңырау шалу тегін). Сонымен қатар,  тілек білдірушілер ақпарат алу мақсатында, жергілікті атқарушы органдарға баруларына болады.

Тренингтарды  ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің қолдауымен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өткізуде.

Қосымша ақпарат

Қазақстанның электрондық үкіметінің порталы 191 электрондық қызметті, соның ішінде салық, айыппұл, баж, тұрмыстық қызметтерді төлеуді көрсетеді. Қызметтер ішінде тек қана электрондық үлгіде көрсетілетіндері бар: мекенжай анықтамасы, жылжымайтын мүлік бойынша анықтама. Бүгінгі күні портал арқылы мекенжай анықтамасын алуға, баланы балабақшаға кезекке тұрғызуға, айыппұлды төлеуге, АХАТ-қа арыз беруге болады және де портал арқылы бизнесті бір күн аралығында тіркеу мүмкін.

Egov.kz порталын пайдаланушылары басшылардың қатысуымен өтетін онлайн-конференцияларға қатысуына, министрдің қабылдауына жазылуға, электрондық үндеу жіберуге, бірінші басшының блогына жазуына, оның әлеуметтік желідегі бетіне өтуге, немесе электрондық қызмет пен заң жобаларын талқылауға қатыса алады.

БҰҰ рейтінгінде Қазақстан электрондық үкіметтің даму көрсеткіші бойынша 38 орында, Е-қатысу көрсеткіші бойынша 2-ші орын, ал онлайн-қызметі бойынша 14 орынды алып отыр.

 

 «ҰАТ» АҚ Баспасөз қызметі

http://ru.zerde.gov.kz/node/14546

Сурет: capital.kz

You might also like More from author