Ауқымды терминалдық бизнес

0

Қазақстанда жылдық моменталды төлемдер рыногы 1,22 млрд. АҚШ долларды құрады, ал терминалдық жүйелер 18000 бірліктерге жетті(230 компания мен жеке меншік иелері қызмет жасайды). Отандық терминал шығарушы «Уникум Қазақстан»  компаниясы құрған пресс-конференциясында журналистерге Қазақстанның жеделдік төлемдер статистикасын берген болатын.

Берілген ақпарат бойынша терминалдық жүйенің айналымында  мобильді оператордың төлемдері  70 пайызды құрайды.  Жетекші оператор қатарында 43 пайызбен  (оператордың жылдық төлемі 500млн.-ға жуық  АҚШ доллары) – Kcell мен Aktiv  құрайды. Ал 16 пайызбен (203 млн. АҚШ доллар) Beeline операторы екінші орында. Үшінші орында (147 млн. АҚШ доллар) Tele2 операторы. Қалған оператор жүйелеріне 30 пайыздан (371 млн. АҚШ доллар) келеді.

Жедел төлемдердің саны мен сапасы жағынан – Алматы қаласы мен облысы алдыңғы қатарды құрайды (3645 терминалдар немесе 20 пайыздан жоғары терминал жүйелері). Алматы қаласы мен облысында  орташа шот немесе орташа транзакция бағасы 2011-ші жылы 540 теңгені құраған, 2012-ші жылы 520 теңге, ал 2013-ші жылы 623 теңгені құрайды деп болжауда. Сондай-ақ  транзакцияның саны 2011-ші жылы 30 млн., 2012-ші жылы 58млн., ал 2013-ші жылы (болжам) 54 млн. жоғары.

Астана мен Ақмола облысында жеделдік төлемдер ауқымында 1830 терминалдар немесе 10 пайыз терминалдық жүйелерді құрайды.  Орташа шот немесе орташа транзакция бағасы 2011-ші жылы 475 теңгені құраған, 2012-ші жылы 465 теңге, ал 2013-ші жылы 493 теңгені құрайды деп болжауда. Сондай-ақ транзакциясының саны 2011-ші жылы 30 млн., 2012-ші 26 млн., ал 2013-ші жылы (болжам) 24 млн.

ЖШС «ТемДи» директоры Дидар Темірбековтың айтуынша терминалдардың операторлары Ресейде 10 пайыз транзакцияларды алады, ал Қазақстанда 5 пайыз төмен. Орташа есеппен бір терминал өз иесіне 100-ден 300 АҚШ долларын әкеледі (ауылдық жерлерді санамағанда).

Қазіргі таңда терминалдық бизнес қиын жағдай кешуде. Бір жағынан, бизнес аз диверсификацияланғаны байқалған, себебі бұл жүйенің табысы мобильдік операторлардың төлем қызметтерінен құрайды. Екінші жағынан, тұрақты альтернативті   жеделдік төлем  терминалы әлі пайда болған жоқ.

Сондай-ақ  терминалдық жүйелердің табысында орташа жылдамдықпен өзгеше төлемдердің түрлері қолданылатын болады, мұндай жүйе мобильді операторларда жиі және терминалды төлемдерден бөлек қызмет көрсететін болады. Мысалы, «Авто-төлем» қызметі абонентке тура сол уақытта  пластикалық банк картасымен бірлікті  толтырады.

You might also like More from author