Павлодарда мәліметтерді өңдеу орталығы ашылды

0

Палодар“Бүгін, 24 маусым күні ҚР Президенті Н.Назарбаев Павлодардағы «Қазақтелеком» АҚ-ның мәліметтерді өңдеу орталығында болды” деп хабарлайды “ҚазАқпарат” тілшісі Марлан Жиембай. Агенттік мәліметіне сүйенсек, ТМД аумағындағы ең ірі бұл орталық енді коммерциялық пайдалануға беріледі әрі клиенттерге өзінің инновациялық қызметін көрсетуге дайын.

Мәліметтерді бұлтты жүйе түрінде өңдеуге және сақтауға мүмкіндік беретін қуатты сервер бес қабатты ғимаратта орналасқан. Онда интернет-ресурстар орналастырылып, жүйелендіріледі әрі қорландырылады, домен атаулары тіркеледі және әлемдік желіні пайдаланушыларға көптеген виртуалды қызметтер көрсетіледі. Орталықтың ақпараттық қуатын Қазақстанның және Ресейдің көршілес аумақтарының тұрғындары пайдаланыла алады.

Павлодардағы Мәліметтерді өңдеу орталығына Google мен Bloomberg сынды ірі корпорациялар қазірдің өзінде қызығушылық танытуда, сондай-ақ ресейлік Yandex компаниясымен, шетелдік әріптестермен де келіссөздер жүргізілуде. Әріптестер қатарында қытай бизнесмендері де болады деп күтілуде.

Сонымен қатар бұл орталықта ҚР Президентіне egov.kz – “Электронды үкімет порталынан” электронды анықтама алуға мүмкіншілік беретін пункт көрсетілді. «Павлодар облысы ауылдық округтерінің қоғамдық кіру пунктерінің желісі» жобасын жүзеге асыру барысы таныстырылды.

Сурет “ҚазАқпаратқа” тиесілі

You might also like More from author