Google Loon жобасы қиын аймақтарға интернетті әуе шарлардың көмегі арқылы жеткізбекші

0

Google компаниясы дайындаған Loon атты жоба шектеулі аймақтарды Интернет желісімен қамтамасыз ету үшін әуе шарларды пайдалануды көздейді.

Бұл жобаны іске асыру үшін, Loon компаниясы  стратосфера қабатына бірнеше әуе шарларын жіберуді жоспарлап отыр. Олар жер бетінен аспанда 20 км биіктікте (бұл биіктік коммерциялық ұшуға арналмаған) қалқып ауа ағысының көмегімен  ауысатын болады. Әрбір әуе шар арнайы интернет байланыс, 3G немесе одан да жоғары жылдамдықпен таралатын байланыспен  қамтамасыз етіледі. Әуе шарлардағы байланыс қабылдаушы, таратушы жүйелер жердегі абонентермен де сондай-ақ кез келген базалық станциялармен де байланыста бола алады. Ал аспандағы бірнеше қаптаған әуе шарлары интернет байланысының ауқымды кеңістікке немесе территорияға таралуына жол ашады.

Google-дің айтуынша, бұл жоба интернетке қосылу қиын аймақтарда әлемдік байланысқа шығудың шығындарын азайтады. Тағы бір артықшылығы,құрылғыны аспанда жоғары биіктікте, белгіленген нүктеде ұстап тұруды қажет етпейді. Әлбетте, мұндай құрылғылар қолдану аясы күрделі, әрі қымбат екені  сөзсіз. Loon жобасына аспанда өз ерігімен қалқып ұшатын мыңдаған әуе шарларды қолданады. Сондай-ақ олардың аспанда биіктіктің өзгерісіне байланысты басқарып тұруға болады. Қажетті биіктікке көтеру арқылы белгілі бағытқа қозғау үшін ауа ағынын да пайдалану көзделуде. Құрылғының  жұмысын  бақылап тұру мақсатында күн бақылау панелі орналасқан.

Қазіргі уақытта Loon жобасы әлі бірнеше тәжірибеден  өтуде. Әзірге Жаңа  Зеландияда  ғана 30 әуе шарлары сынақтан өтті.

You might also like More from author