Қазақстан роботтары Вьетнамда “көкөніс” егуде

0

хату19 тамызда Вьетнамда робот жасаушы үздік студенттер қатысатын роботтехникасының Robocon 2013 жарысы басталды. Қазақстан атынан байқауға команда IT Университетінің студенттері қатысуда. Халықаралық ақпараттық технология университетінің студенттері қашықтан басқарылатын және автономды екі робот жасап шыққан. Robocon-2013 байқауындағы басты мақсаты – өскінді механикалық машина көмегімен сапалы отырғызу. Роботты жасауға үш ай кеткен. Байқаудың ережесінде моделдің функционалдығына баса мән берілген. Ұйымдастырушылар роботтың салмағы емн көлеміне шек қойып тастағандықтан оның дизайнына орын жетпей қалған. Жыл сайын байқаудың тақырыбы өзгеріп отырады. Биыл алғаш рет оның тақырыбы «Көк әлем» болып белгіленген. Әр роботқа қойылар талап өскінді отырғызу. «Басқарылатын» робот «өскінді» жинап өз әртіптесіне ұсынады. Ол берілген өскіндерді алдын ала анықталған нүктелерге отырғызады. Белгіленген нүктелер жерді білдіретін жасыл шеңберде ораналасқан. Соңында автоматты басқарудағы робот бір өскінді «айға» яғни жерге жақын темір дискіге түсіруі тиіс. Оған үш мүмкіндік берілген. Қазақ студенттері қысқа мерзімде әжептеуір жетістікке жеткендіктерін айтып отыр. Бұған дейін команда басқа да роботтарды жасап келген. “Шолпан” атты ақылды құлтемір жасаумен айналысқан. Robocon жарысы жақын арады Қазақстанда да өтуі мүмкін.

You might also like More from author