Қыздар…Программистке шығыңыздар!

0

hello-new-cubicle-cubicle-move-geek-cubicle-office-desk-desktoys-programmer-it-software-workspace-workflow_l

Қазақсофт сайтының сұхбат форумындағы Ойлан және Ерай есімді бауырлас ағайындарымыз қыздарды бағдарламашы (программист, проггер, программер) жігіттерге тұрмысқа шығуға үндепті. Бірін-бірі толықтырған сол жігіттердің қазақ қыздарына үндеуін оқи отырыңыздар. Өте қызық:)

1. Программерлер шын ықыласты келеді, оның көңілінде компьютерден басқа сіз ғанасыз.

2. Арақ ішпеген болса, сізге ашу шақырмайды.

3. Бір пар киім бір жылға жетеді (ондай болса сізге өзіңізге көбірек киім сатып алуыңызға болады) .

4. Басқа қыздармен кездесуге уақыты жоқ, үйленгеннен кейін махаббаттасуы да мүмкін емес.

5. Әдетте ылғи қызметін (жұмысын) үстемелеп істейді.

6. Бір мен нөлды ғана таниды, әдетте қазына басқару қабылетті жоқ, сондықтан барлық тапқан ақшасын сізге тапсырады.

7. Дүниеде Bug (ақау, қате, кемшілік:редактор, ТБ) барлық программада болатынын біледі, сондықтан адамның да кемшілігі болмауы мүмкін емес. Сол үшін сізге ерекше талап қойып кетпейді.

8. Системаны асырап (қадағалап: редактор, ТБ) тұрмаса нормал қызмет етпейтінін әбден біледі, әрине сізді системаны асырағандай көңіл қойып асырайды.

9. Сіздің істейтін істеріңізді if … else ..If else….While… формасында ретті орналастырып бере алады. (if=егер, else=болмаса, while=мәңгі, демі таусылғанға дейін: редактор, ТБ)

10. Сіз барлық туысқандарыңызға жар салғандай “Сіздердің барлық оқу бітіру диссертацияларыңызды маған тапсырыңыздар!” дей аласыз. (Түсінбедім: редактор, ТБ)

11. Болашақта балаларыңыз сабақты жақсы оқып үйренбесе, балаларыңызға “Егер сабақты жақсы оқымасаңдар, әкелеріңе ұқсап программер болып қаласыңдар” деп қорқыта аласыз.

12. Әр айда бір кітап сатып алғаннан басқа ақша ұстайтын жері жоқ, қалған ақшаларға сіздің киім-кешек, зейнет бұйымдарыңызды қалағанша сатып алуыңызға жетеді.

13. Әр күні түн ортасына дейін кітап көреді, балаларға жақсы үлгі…

14. Программерлердің ақыл-қабылеті жоғары болады, программер болуды ойлаған адам сөзсіз аса жоғары болған өздігінен үйрену қабілетіне ие.

15. Программерлер әлсіз келеді, Қанат Исламдай (кәсіпқой боксшы: редактор, ТБ) қайратты емес, егер біреу сізді торапта ұнатса, оны жойып жіберуді ойлайды.

16. Олардың үйренуі, қызметі қарбаласпен өтеді, сондықтан сырттан көңілдес табуынан алаңдамайсыз.

17. Программерлердің барлығы компьютер маманы, егер компьютеріңізден мәселе шықса, компьютер қатты дискідегі яки қолфоныңыздағы (сотка) құжаттарыңыз жоғалып кетсе, онша алаң болмайсыз. Программер жұбайыңыз қалпына қайтарып береді.

18. Программерлер кейде әзілқой келеді, ана-мынаны айтып көңіліңізді көтеруді біледі.

19. Көптеген жаңалықтардың иесі программерлер, махаббаттасып (үйленгелі жүргенде: редактор, ТБ) жүрген шақтарда ол күтпеген жерден таң қалдырып, бір өмірі есіңізден кетпестей романтикалы істерді істеуі мүмкін.

20. Жаңадан тұрмысқа шыққанда бәлкім тұрмыстарыңыз бақуатты болып кетпеуі мүмкін, алайда программерлер талантты болады. Дүниедегі немесе жұңгодағы (Қытайды айтып отыр: редактор, ТБ) милионерлердің көпшілігі IT саласынан шыққанда. Алла ризығын берсе, сіз де милионердің әйелі болып қалуыңыз ғажап емес!!!

21. Сізбен теледидар үшін таласып отырмайды. Үйде болған кезде сіз мейлінше кәріс телефилімін (немесе ұзын сонар теле каналдарды) талассыз көріп мәз боласыз.

22. Тамақты нашар жасап қойсаңыз да қомпылдап (ашуланып: редактор, ТБ) көп сөйлеп кетпейді. Себебі, бейне бір көңілсіз шақта жазған программасы сықылды “неліктен олай болып қалды екен?” деп іштей ойлана түседі.

23. Жөбәгерлікпен (Жобалау, проектирование: редактор, ТБ) шұғылданатын программистерді тапсаңыз, тіпті де бақыттысыз… Сізге қандай реңді өзара қистырса құп жарасып кететінен әбден біледі. Сондықтан, киім кию, алу жақтарында сенімді серігіңіз болады алады.

24. Өз жалғыз сыртқа шығып кетсе, достарымен ойнап немесе қаңғырып кетеді деп, соңынан телефон соғып «Қайда жүрсің ей?!» деп қапаланып та жүрмейсіз. Себебі: ол үйге тезірек оралып «Сені» (неліктен тырнақшаға алынғанын білмедім: редактор, ТБ) көруге асығады.

25. Орындықта көп отыратындықтан, дене шынықтырудың аса маңызды екенін әбден деп біледі. Программистер құрсақ қаттау мен жер бауырлау (отжимание от пола деген жаттығуды айтып тұрған секілді: редактор, ТБ) әрекетін жақсы істейді. Сондықтан, балаңызға жақсы үлгі болады.

26. Ең кереметі: Программистерді үйден шығару (керісінше, үйден шығармау деген сөзі сияқты: редактор, ТБ) өте оңай! Үйге жылдамдығы жоғары интернет жалғап, тамаша бір компьютер алып берсеңіз… Мә… Ешқашан да шықпайды!

Түпнұсқа: http://suhbat.kazakhsoft.com/Read.aspx?TID=7073&Ln=kz

Қытайдағы қазақ бауырларымыздың диалектісін біз түсінетіндей етіп редакциялаған: Тимур Бектұр. Мәтіннің кей жерлеріне түсініктеме ретінде “редактор, ТБ” деген белгі қойылды.

You might also like More from author