Кеше, 10 қыркүйек күні АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында Intel компаниясының форумы басталды. Бұл туралы осы компанияның Қазақстандағы өкілдігі баспасөз-хабарламасы арқылы мәлімдеді. Төменде сол ақпаратты түпнұсқа түрінде ұсынып отырмыз.
INTEL-дің жаңадан келген бас атқарушы директоры мен корпорация президенті жаңа өнім шығарудағы жоспарларын ұсынып, ұтқыр технологиялардың болашағы жөнінде айтып өтті.Брайан Кржанич энерготиімді өнімнің жаңа топтамасын жариялап, LTE желілеріне арналған жаңа шешімдерді ұсынды және 14-нанометрлік технологиялық үдеріс саласындағы жетекші негіздегі жаңа жасалымдар жайында әңгілеп берді.
INTEL DEVELOPER FORUM (Сан-Франциско), 10 қыркүйек 2013 ж. – «Бүгінде деректерді өңдеу орталықтарынан бастап планшет, телефон, тасымалдаушы есептегіш құралдарын қосқандағы ультраұтқыр құрылғылармен аяқталатын компьютерлік технологиялар нарығының көптеген сараланымдары өзгеру жолында тұр», – деді Intel Developer Forum әзірлеушілерге арналған форумының ашылу салтанатында Intel корпорациясының бас атқарушы директоры Брайан Кржанич (Brian Krzanich). Intel басшысы корпорациясының жалпы ұстанымдарын алға тартып, Intel-дің әрбір нарық сараланымына ұсынатын шешімдері мен өнімдері жөнінде айтып өтті.
Intel Бас атқарушы директоры корпорацияның нарықтың барлық сараланымдарын меңгеруді жоспарлап отырғанын жеткізді. «Жаңартпаларды енгізу мен саланың өзгеруі бұрынғыдан да жылдамырақ жүріп жатыр, мұны Intel қолдайды. Біз өндірістік технологиялар саласында жетекші орында келеміз және біздің өніміміздің қуат көзін пайдалану деңгейін қосымша қысқарту жолында барлық қажетті сәулеттік құрал-жабдықтарға иеміз. Біз болашақты анықтап, компьютерлік технологиялардың барлық сараланымында жетекші орында болуды жоспарлап отырмыз».
Intel Developer Forum форумы шеңберінде Брайан Кржанич және Intel жаңа президенті Рене Джеймс (Renee James) үстіміздегі жылдың мамыр айындағы тағайындалуларынан бері бірінші рет негізгі баяндамаларымен сөз сөйледі.
Сөзінің барысында Рене Джеймс барлық құрылғылар мен барлық заттардың негізінде компьютерлік технологиялар орын алатын жаңа дәуірді таныстырды. Бұл одан да шағын, жылдам және көп атқарымды компьютерлік шешімдерді жасау қажеттілігіне әкелмек.
Ультраұтқыр құрылғыларды әзірлеу жылдамдығын арттыру
Брайан Кржанич осы аптада ұтқыр құрылғыларға арналған Bay Trail алғашқы 22-нанометрлік бір кристалды Intel жүйесін ұсынатынын мәлімдеді. Bay Trail жоғары өнімділігімен және қуат тиімділігімен ерекшеленетін Silvermont жаңа микросәулет негізінде жасалған. Жаңа әзірленім Android* және Windows*, планшет және 1-нде 2 пішіміндегі құрылғылар желісіндегі инновациялық құрылғылардың негізіне алынады.
Смартфон, планшет және қосымша пернетақталардың көмегімен кәдімгі ДК қызметін атқара алатын 1-нде 2 пішіміндегі планшеттерді қосқандағы ультра ұтқыр шешімдер сараланымының дамуын сипаттай келе, Кржанич бұл сегменттің әлеуеті айрықша үлкен екендігін атап өтті. «Смартфондар мен планшеттер – бұл дамудың межесі емес, – деді ол. – Есептегіш құрылғылардың жаңа буыны әлі анықталған жоқ. Тасымалдаушы компьютерлер, жоғары технологиялық қадағалар және роботтар техникасы – міне, болашақтың кейбір көріністері осылар ғана».
Қуат көзін пайдалану дәрежесін азайту үшін Intel өзінің жетекші өндірістік технологиялары мен сәулеттерін пайдалануды қалай жалғастыратынына мысал ретінде Кржанич Intel Quark процессорларының топтамасын ұсынды. Жаңа энерготиімді өнім Intel-ге Заттардың ғаламторынан бастап тасымалдаушы компьютерлік құрылғылармен аяқталатын жаңа нарық сараланымдарына шығуға мүмкіндік береді.
Кржанич LTE желілеріне арналған Intel жаңа модемі көптәртіпті және көпауқымды шешімдердің оңтайлы баламасы ретінде шығатынын және ол смартфондар нарығындағы Intel өрлеуінің жолындағы кедергілерді жоюға мүмкіндік беретінін атап өтті. Intel бүгінгі күні LTE желілеріне арналған ең шағын және энерготиімді шешімдерінің бірі болып табылатын Intel® XMM™ 7160 көптәртіпті модулінің жеткізілімін бастап кетті.
Кржанич жаңа басшылар тобының басқаруымен жаңа өнім жасау қарқынының жылдамдағанын айтты және қазір жобалау сатысында тұрған Intel® XMM™ 7260 жаңа буын модемін мысал ретінде келтірді.
Сондай-ақ Intel атқарушы директоры XMM 7160 LTE қолдайтын смартфонға арналған платформаны және шығарылымы 2014 ж. белгіленген смартфондар мен планшеттерге арналған Atom™ (кодтық атауы Merrifield) біркристалды жүйелерінің жаңа буынын таныстырды.
Өндіріс саласындағы Intel жетекші жайғасымдары
Келешектің ДК инновациялары турасындағы тақырыпты жалғастыра отырып, Intel өкілі Broadwell кодтық атауы бар 14-нанометрлік жүйені таныстырды. Жаңа өнім өндірісі осы жылы басталады деп күтілуде. Бұл корпорацияның 14-нанометрлік өндіріс технологиясын пайдаланумен шығарылған жетекші өніміне айналмақ. Жаңа өнім 1-нде 2 пішіміндегі құралдарда, желдеткішсіз құрылғыларда, Ultrabook және басқа да әртүрлі фактор-түрлерде қолданылатын болады.
Atom процессорлары топтамасының даму жоспарлары туралы айта келе, Брайан Кржанич келесі жылдың басында-ақ Intel нарыққа Atom процессорларын және кодтық атауы Airmont микросәулет негізіндегі өзге де өнімдерін ұсынатынын растады. Жаңа өнім 14-нанометрлік өндіріс үдерісі саласындағы жетекші негізінде шығарылады. Жеткізілім басталуының нақты мерзімі өнімнің жеке сегменттеріне тәуелді болмақ.
Деректерді өңдеу орталықтарының сәулеттерін түрлендіру
Жылдық табысы $10 млрд-тан асып түсетін Intel Деректерді өңдеу орталықтарына арналған өнімдерді шығару бөлімшесі компаниялардың бұлтты қызметтердегі қажеттіліктерін қанағаттандыруға және бүкіл әлемдегі миллиардтаған тұтынушылар мен құрылғылармен жасалған деректерді тиімді басқаруға көмектесетін шешімдерді әзірлеу үстінде. Intel өзінің алдына деректерді өңдеу орталықтары мен қызмет жеткізушілеріне арналған жалпы бағдарламалық-анықтаушы негізді жасау мақсатында деректерді өңдеу орталықтарының сәулеттерін түрлендіру міндетін қойды.
Бүгін деректерді өңдеу орталықтарына арналған Xeon® жаңа процессорлар топтамасы ұсынылмақ. Ал өткен аптада Intel микросерверлер мен деректерді сақтау жүйелеріне арналған (кодтық атауы Avoton) және бастапқы деңгейдегі желілік платформаларға арналған (кодтық атауы Rangeley) деректерді өңдеу орталықтарына Intel® Atom™ C2000 64-разрядты біркристалды жүйелердің екінші буынын қосқандағы шешімдер мен технологиялар жинағын ұсынған еді.
Дүниежүзілік ең маңызды мәселелерді шешудегі компьютерлік технологиялар
Сөз сөйлеу барысында Рене Джеймс технологияны пайдалану мүмкіндігінің мысалдарымен «ақылды» қалалар және бейімделген денсаулық сақтау жүйелерін атап өтті.
«Болжаулар бойынша 2050 ж. дейін тұрғындардың 70%-ы мегаполистерде тұратын болады, – деді Рене Джеймс. – Жартылай өткізгішті технологиялардың дамуы «ақылды» қалалардағы деректерді басқарудың машинааралық жүйесінің одан әрі жетілуіне жағдай жасайтын болады. Intel қала өмірін басқарудың кәдуілгі әдістерін түпкілікті өзгертетін үлгілі шешім жасап шығару мақсатында Дублин және Лондон әкімшіліктерін жұмыс істеуде».
«Компьютерлік технологияларды смарт-нысандарда іске асыру айтарлықтай қиын емес, – деді Рене Джеймс. – Біздің айналысып жүрген ісіміз одан да күрделірек. Біз деректерді ғимараттарға айналдыратын компьютерлік шешімдерді жасауға тырысудамыз. Біздің қазіргі барымыз – бұл Intel технологияларының емдеу, оқыту және дамытуға пайдаланатындарының азғантай ғана бөлігі».
Сонымен қатар Intel президенті Intel-дің суперкомпьютерлер саласындағы ұмтылыстары компьютерлік технологиялардың денсаулық сақтау жүйесін, әлемдік экономиканың ең ірі секторын өзгерте алатындығының бір ғана мысалы екендігін айта кетті. Intel адамның генетикалық бейінін талдау құнын және ұзақтығын қысқарту, ДНҚ іздеу картасын жасауға бағытталған жоба шеңберінде Oregon Health and Science University университетінің Knight Cancer Institute-мен бірге қызметтес болып отыр.
«Алғаш рет заманауи медицинада компьютерлік құрамдас бөліктер биологиялық бөліктер сынды маңызға ие болды, – деді Рене Джеймс. – Есептегіш ресурстарын қол жетімді бағамен ұсынған сайын көптеген адам өмірі құтқарылатын болады».