SEO оптимизация дегеніміз не?

0

1. SEO оптимизация деген не?

2. Ірі іздеу сайттары қайсы?

SEO деп отқанымыз толығырақ Search Engine Optimization деп аталады. Яғни іздеу оптимизациясы. Бұл іздеу сайттарында өз сайтыңызды арнайы бір іздеу бойынша алдыңғы қатарға шығару мақсатында жасалынатын іс-әрекеттер жатады.

SEO- бұл қолданушылардың қандай да бір сұранысы бойынша сайтты іздеу сайттарында алдыңғы қатарға шығару мақсатында жасалынатын іс-әрекеттер.

Басынан бастап түсіндіруге тырысайын. Сізге бір ақпарат қажет болды. Сіз қайда барасыз? Әрине www.google.kz сайтына немесе www.yandex.kz сайты.  Қазіргі таңда осы екі сайт бұрынғы КСРО аумағындағы ең үлкен іздеу сайттары болып саналады. Google ол әлемдік іздеу сайттары бойынша көшбасшы. Бұдан бөлек Microsoft комапниясының Bing, Қытайдың Baidu атты іздеу сайттары бар.

Мысалы: Сіз Google.kz сайтына кіріп Қалай арықтауға болады? -деп іздеп Сұрақ-Жауап сайтындағыақпаратқа келдіңіз. Қалай арықтауға болады деп жазған соң, іздеу сайты берген ақпаратты сіз жоғарыдан төмен қарай көріп шығатын боласыз. Қажет ақпарат жоқ болса онда келесі бетке өтесіз. Мұнда іздеу сайты ұсынған ақпараттың сіз бастапқы 5-тігін қарап, келесі бетке өтпей қарамай басқа іздеу жасайтындығыңыз анық. Сіздің сайтыңыз келесі бетте болатын болса, онда сіздің сайтыңыз қолданушылардың көзінен тыс қалады деген сөз.

гугл іздеу

 

Енді осы орайда сіздің сайтыңызды сол іздеу сайтының алғашқы бетіндегі 10-дығына ену, нақтырақ ең тиімдісі 5-тікке ену үшін жасалынатын іс-әрекеттерді SEO деп атаймыз.

SEO баптау екі түрде болады: Сыртқы және ішкі.

Сыртқы-деп отырғанымыз бұл жерде Анкорлы сайттың сілтемесін басқа сайттарға жариялап сайтқа деген кері сілтемелерді көптеп қалдыру. Сайтқа негұрлым көп кері сілтеме болатын болса, соғұрлым сол сілтеме бойынша іздеу сайттары сайтқа көптеп жиі келіп ақпаратты өзінің деректер қорына әкетіп отырады.  Сыртқы таптау туралы жеке жазба ретінде толық жазатын боламын.

Ішкі — деп отырғанымыз бұл сайттың ішінде <title>,<meta name=»description» >, <meta <name=»keywords» > тегтерін дұрыс қолданып, міндетті түрде жазбаның тақырыптарын <h1> тегімен дұрыс қолдана білу бастапқы шарттарына жатады.  Одан бөлек <h1> ден <h5> тегтеріне дейін қолдануға болады.  sitemap.xml -ді де дұрыс қолдану сайтқа іздеу сайттарына оң көзқарас қалыптырады. Бұл тақырыпты да толық жеке тақырып ретінде болмақ.

Іздеу сайттары бұлар ойлай алмайды. Арнайы бір алгоритм бойынша жұмыс істейді. Ал сайт ақша табу үшін жасалынған сайт па, әлде пайдалы ақпарат тарату үшін жасалғанын ба деген сұраққа іздеу сайты түсінбейді. Осы орайда сайтқа көптеген басқа сайттан тікелей сілтемелер көп болатын болса, онда іздеу сайттары осы сайтты пайдалы деп түсініп сайтқа деген сенімділікті арттырып, ол сайттағы ақпаратты алдыңғы қатарға шығарып сол сайттан ақпаратты мейлінше көп беруге тырысады. Орысша айтқанда іздеу сайттары да өздерінің Репутациясын жоғалтып алмау мақсатында.

Енді сіздің сайтыңызға жаңадан ашылған сайттар сілтеп отыратын болса онда оның деңгейі көтерілмесі анық. Ал егер сіздің сайтыңызға бұрыннан бері жасап келе жатқан сайттар тікелей сілтеп отыратын болса онда сайттың да іздеу сайттарында авторитеті артатыны анық.  Google да Pr яғни Page Rang  болса,  Яндексте Тиц қолданылады. Нұғұрлым PR мен Тиц жоғары сайттар сіздің сайтыңызға көптеп сілтеме жасайтын болса, сіздің сайтыңыздың да тез іздеу сайттарында сіздің сайтыңыздың ақпараты шығып, іздеуде алдыңғы қатарға шығуына кепілді түрде уәде бере аламын.

Әр іздеу сайттарының өз іздеу алгоритімі бар. Оны ешкім білмейді, тек жасаушылардан басқа. :) Тек біз негізгі арнайы бір негізгі шарттар бойынша жұмыс жасап сайттың деңгейін көтере аламыз. Бірақ қандай алгоритммен жұмыс жасайтынын ешкім білмейді, ол алгоритмдер өте қатты құпияда сақталынады. Егер оны біліп қоятын болса, іздеу сайттарындағы ақпарат нақты болмай іздеу сайты маңызды болмай қалады.

p.s. Келесі жазбада Ішкі баптау туралы толығырақ жазатын боламын.

2011 жылғы Астанада өткен Блогқұрылтайда мен жасаған презентацияның видео нұсқасын да көруге кеңес беремін. SEO тақырында әнгімелер өрбіді.

Түпнұсқа: szh.kz

You might also like More from author