Yandex ТИЦ пен Google PR өсуі неге байланысты?

0

Фейсбуктегі “Сайттың танымалдылығын арттыру” тобында блоггер Айжан Құлмұханбетова “Yandex ТИЦ пен Google PR өсуі неге байланысты?” деген сұрақ қойған болатын. Оған szh.kz сайтының админі Ербол Серікбай мынадай жауап берді.

Гугл PR жаңартылмағанына 6 айдың жүзі болды. Бұрын айына немесе екі айда бір жаңартылғанын жариялап тұратын. Қазір бұл процесс жасырын түрде жүріп жатыр. Яғни сайттың PR-ін көре алмайсың, бірақ гуглдың алгоритмдерінде PR жаңартулар жүріп жатыр. PR жаңартылуын көрсетпеуінің себебі сілтемелерді сататын сайттарға соққы еткендігінде. Яғни сайттың PR жоғары болса мен сайтымды сілтеме сататын Sape.ru сайтына тіркеп, салатын болсам қазіргі szh.kz PR=0 деп көрсетіп тұр. Бірақ негізгі Гуглдың алгоритмінде szh.kz PR=4 немесе 5 болуы мүмкін. Яндекс әзірге Тиц жаңартылуын көрсетіп жатыр. Бірақ бұлар да алдағы уақытта осындай әрекетке баруы мүмкін. Алдын да Тимур Бектұр мен Асхат Еркімбайға Дмоз каталогка редактор болуларын өтінген едім. Ондағы мақсат қазақ сайттарын соған салу, тіркеу болды.  Сайттарымыз ол каталогка енетін болса, Гуглдағы позициямыз жақсарып қалатын еді. Ал Яндекстің каталогына ену үшін 63 мың қазақтың теңгесін беру керек. Ол тиімсіз… PR пен Тиц өсуіне себеп – сыртқы сілтемелердің көп болуы. (Мәтін редакцияланды)

You might also like More from author