Google әскери роботтарды неге сатып алып жатыр?

0

Google компаниясының жаңа технологияны немесе дамып келе жатқан компанияларды сатып алуы қалыпты жағдайға айналған болатын. Бірақ іздеуіш гиганттың соңғы сатып алуы көпшілікті бей-жәй қалдырмады: Google төрт аяқты BigDog, Cheetah, Petman сияқты роботтарымен танымал Boston Dynamics инженерлік компанияны сатып алды.

Интернет компанияның секундына 13 метр жүгіретін, таулы-тасты жерлерді оңай өтетін және шлакоблокты 17 метрге лақтыра алатын роботтарды сатып алуы  көпшілікке түсініксіз болып көрінуі мүмкін, бірақ осы жылдың өзінде Google кем дегенде 8 робототехникалық фирмаларды сатып алып үлгерген: Industrial Perception, Redwood Robotics, Meka, Schaft, Holomni, Bot & Dolly және Autofuss.

WildCat роботы

Petman роботы

Google-дың негізгі кіріс көзі жарнама мен іздеу жүйесі болғанымен компания басқа да жоғарғы технологиялық жобалармен айналысатынын көрсеткен еді. Олар 2009 жылдан бері жасалып келе жатқан жүргізушісіз басқарылатын автомобиль, ұшқыр жылдамдықты интернет байланысын қамтамасыз ететін Google Loon және инновациялық Google Glass жобалары. Ал енді бұл тізімге роботтар келіп қосылды.

Бұл компанияның роботтарға қызығушылығы бар екенін көрсетсе керек. Бірақ не үшін екенін әзірше Google тіс жармай тұр.

You might also like More from author