SMM және SMM-стратегия дегеніміз не?

1

SMM (Social Media Marketing) – әлеуметтік желілер (Facebook, Twitter, Google+ және т.б.) мен басқа да блогплатформалар (yvision.kz, kerekinfo.kz және т.б) арқылы компанияның немесе жеке тұлғаның брендін қалыптастыру, өнімнің немесе қызметтің сату көлемін ұлғайту.

 

SMM-маман болу үшін қандай дағдыға ие болу керек?

  • SMM-маман бүкіл әлеуметтік желіде тіркелу – тек қана аккаунт ашып қана қоймай, ол жерлерде белсенділік көрсетуі және әлеуметтік желілердегі әр түрлі сауалнама, байқау, шара ұйымдастыруда тәжірибесі болу;
  • Мәтінмен жұмыс істей алу қажет – сауатты жазып, сатушы мәтіндер жасау, сайт, жеке блог жүргізу, көркем әдебиет оқу, интернеттегі контенттің ерекшеліктерін білу;
  • Сараптамалық қабілет – компания немесе ұйымға пайда келтіру, абырой әкелу жолдарын білу, экономикалық және статистикалық білім болу керек, Excel-де жоспар құрып, есеп-қисапты жақсы меңгергені абзал;
  • Жарнама және маркетинг – тиімді хабарламалар таратып, тұтынушылардың психологиясын түсіну және аудиторияны ойната алу қабілетіне ие болу;
  • Соңғы трендтер мен технологиялардан хабардар болу – барлық интернет ресурстарды қолданып, трендтің даму қарқынына қарай бағыт қолдана білгені жөн;
  • Шығармашыл, креатившіл – қызықты һәм жаңа идеялар ойлап, оны дамытудың креативті тәсілдерін меңгеру және майн-карталар, Гантт чарттар арқылы жүйелеп, жоспарлай алу қажет.

SMM жүргізу 1 күннің немесе 1 айдың жұмысы емес, кемінде 6 ай немесе 1 жылдық стратегия жасалады.

1365453792_smm


SMM-стратегияны кімдерге жасауға болады?

–  Жеке тұлғаларға (әншілерге, жазушыларға, әкімдерге, жалпы өзін жұлдызбын дейтін кез келген адамға);

–  Компанияларға (мұнай-газ компанияларына, телеарналарға, жеке оқу орындарына және т.б);

–  Мемлекеттік ұйымдарға (әкімдіктерге, министрліктерге және т.б.)

 

SMM-стратегия компанияға немесе тұлғаға не береді? 

  • Ақпараттық активтердің артуы (компания, тұлға жайлы пайдалы да, қызықты ақпарат көбейеді);
  • Сату көлемінің ұлғаюы (мемлекеттік ұйым болса, абыройы артады);
  • Танымалдылық;
  • Компания құнының көтерілуі (мемлекеттік ұйым болса, жұмысы ілгері жүреді, ал тұлғаның халыққа көрсететін қызметінің бағасы артады);
  • Брендтің қалыптасуы жоғарылайды.

You might also like More from author