Блогиада-2014! “Миллион кімге бұйырады?”

0

Естеріңізде болса, осыдан біраз бұрын “Қазақ блоггерлері миллион теңге үшін жарысады” атты мақала жазған болатынбыз. Сол хабарламаға қосымша ретінде, аталмыш жарысты ұйымдастырушылардың бірі Аршат Оразов “IT-тірлік” сайтына шағын сұхбат беріп, мынадай ақпарат жеткізді:

Блогиадаға 32 блогер қатысады. Қатысушылар тізімі осы жылдың Наурыз айының соңында өткелі жатқан Қарағандыдағы БлогҚұрылтайда жарияланады. Алдымыздағы бір-екі күнде ашылатын сайттағы тіркелу формасы арқылы осы байқауға қатысушылардың өтініштерін қабылдаймыз. Жарыс туралы толығырақ Құрылтайда айтылатын болады. Осыған дейін де хабарлағанымыздай, ұйымдастырушылар: “Ұлттық Интернет Ассоциациясы” және Қазақ Софтверлік Компаниялар Ассоциациясы. Бірінші орын алған блоггерге кәсіпкер Азаматхан Әміртай 1 000 000 тг сыйақы береді. Ал одан басқа шығындар мен жүлделер үшін демеушілер іздеудеміз. Жарыстың негізгі мақсаты – ҚазНетті сапалы контентпен толықтыру, блоггерлердің шеберліктерін нығайту, жаңа тәжірибелерге жол ашу, еңбекті ынталандыру. Жарыс бірнеше кезеңнен тұрады. Бір кезең шамамен 2 ай өтеді. Кезең сайын қатысушылар саны 2 есеге кемиді. Әр апта бойы қатысушыларға бір тақырып беріледі де сол тақырып бойынша қалаған форматтарында өз блогтарында жазба жазады. Тәжірибелі блогшылардан құралған әділқазылар жазбаларды бағалап, осы әділ қазылардың дауыстары бойынша анықталады. Контент сапасына, орналастыруына, жазбаның безендірілуі, сөйлем құрауы сияқты нәрселерге мән беріледі. Ерекше айта кететін нәрсе, лайк саны, оқылу саны қолмен көбейтуге болатын, алаяқтық болуы мүмкін болғандықтан, ол көрсеткіштер Блогиада кезінде есепке алынбайды.

 

You might also like More from author