Смартфонға Windows арқылы енетін жаңа Android-троян анықталды

0

Антивирустық мамандар Android мобильді құрылғысын Windows арқылы зарарлайтын жаңа зиянды бағдарламалық қамтамасыз етуді анықтады. Аталған бағдарламалық қамтамасыз ету бағдарлама әзірлеушілерге бағдарланған. Symantec ақпараттық технологиялар қауіпсіздігінің маманы Алан Невиллдің хабарлауынша, зиянкес Windows-тан Android-қа шабуыл жасау үшін әдеттегідей емес екі қадамды сұлбаны қолданады.

«Ол Windows-машинаға енгеннен кейін жаңа сервис құрып, троян тәрізді жұмыс істей бастайды. Кейінірек USB-порттарға қосылған Android құрылғыларына бағытталады. Fakebank троянын Android құрылғыларына орналастыру үшін дебаггинг-көпір қолданады», – деп хабарлайды Невилл.

Fakebank – бұл қаржы мәліметтерін ұрлау мақсатында жасалған белгілі троян. Ол табылған жағдайда, қолданушыға жаңартуды орнатуын сұрайды, сол уақытта нотификатор псевдо-банкингтің зиянды кодына алып келеді. Одан басқа, троянның алыстатылған SMS-мониторинг жүргізу мүмкіндігі бар, ол қазіргі таңдағы банктік қосымшалардың негізін көрсетеді.

«Шабуыл айтарлықтай күрделі іс-әрекет кешенін қолданады. Зиянкес Android Debug Bridge-ді қолданғандықтан, бұл код USB арқылы активтенуін сұрайды. Сонымен қоса, бұл тәсіл троянның қолдану аясын елеулі түрде шектейді, ал троянның негізгі аудиториясы –қосымшаларды әзірлеушілер болып табылады», – деп хабарлайды Невилл.

Дереккөз: http://kz-cert.kz/

You might also like More from author