Фотоаппарат алушыға кеңестер

0

Қазіргі күнде сауда орталықтарынан фотоаппарат сатып алатын болсақ, оның көптеген модельдеріне тап боламыз. Кейбір фотоаппараттың түрі әдемі болса, екіншісінің бағасы арзан, ал үшіншісінің мегапикселі жоғары жоғары болып келеді. Осындай кезде көпшіліктің басы қататыны табиғи жағдай.

Ендеше, фотоаппарат алғанда нелерге мән беру керек? Ол үшін, мінеки, фотоаппарат алушыға кеңестер:

Матрица: Ең бірінші кезекте фотографияның сапасына жауап беретін матрицаға көңіл бөлу керек. Барлық компакт фотоаппараттар 1-1.8 дюйм (1 дюйм = 2.54 см) аралығында матрицаға ие болады.

Зум: (ағылшынша zoom ) дегеніміз – сандық фотоны жақындатып көрсету. Егер зум сандық болса, суретті жасанды жолмен үлкейту деген сөз. Нәтижеде сурет сапасыз, бұлдырап шығады. Фотоаппарат оптикалық жақындатуға негізделген болса, сурет сапалырақ шығады. Сатып аларда фотоаппаратта суретті тұрақтандыру фуникциясы (функция стабилизации изображения) бар екеніне көз жеткізу керек. Егер бар болса, ол сандық емес, оптикалық болғаны абзал. Сонда ғана сурет сапалы шығады.

Жарық сезгіштік: бұл да фотоаппарат таңдауда маңызды параметрлердің бірі. Ол құрылғының мәзірінде ISO деп жазылады. Егер ISO мәнісі 1000-даған болса, өте жақсы. Сонда ғана ымыртта да, түнде де жақсы сурет пайда болады. Жарық фонда орналасқан қара нәрсені байқалатын суретке түсіріп көру арқылы фотоаппараттың жарық сезгіштігін тексеруге болады. Дайын болған суреттің шеттері жырып кетілмей, сары сызықтарсыз шықса, демек, бәрі жақсы. 

Ал егер бәрібір бұл сөздерді түсіне алмасаңыз, онда дүкен ішінде фотоаппарат арқылы алыстағы жазуды суретке түсіріп, сол суреттерді фотоаппарат лупасы арқылы максимум үлкейтіп көріңіз, сонда сурет өз қалпын сақтаса немесе жазулар оқылатындай болса, сіздің фотоаппарат кәдеге әбден жарайды.

You might also like More from author