Қазақстанда GSM-қоңырауының алғаш рет соғылғанына 15 жыл болды

0

Қазақстанда gsm байланыс тарихы 1999 жылы 7 ақпаннан бастау алады.

Kcell желісін коммерциялық бағытта іске қосқан кезде GSM стандартында алғашқы қоңырау соғылды.

Мобильді байланыс бізге еркіндік дарытты: ұялы телефон жұмыс істеп тұратын кез келген жерден кез келген адаммен байланысуға, сондай-ақ, бизнесті басқаруға, әр түрлі жұмыс мәселелерін шешуге болады. Ақпаратты алмасу жылдамдығына орай еңбек өнімділігі айтарлықтай ұлғая түсті. Байланыс пен мобильді интернет бар жерде ақпаратқа жедел қол жеткізу әлемді күрт өзгертті. Енді ондағы ең маңыздысы – ақпаратты іздеу мен қолға түсірудің жылдамдығы. Қазіргі уақытта елімізідң немесе дүние жүзінің кез келген жеріне барған кезде, өз жақындарыңмен, жұмысыңмен, бизнесіңмен байланыста болу әдетті машаққа айналды. Алайда, бұл үнемі болып тұрған іс емес.

1999 жылы ақпан айында «Кселл» Алматы қаласында өз жұмысын бір кеңсе, 50 қызметкер мен жиырмаға жуық базалық бекеттен бастаған. Бүгінгі күні компания желісі 5100 елді мекенді қамтиды.  Ауылды жерде бұл – халқының саны 1 мыңнан асатын ауылдар. Қызмет көрсету орталықтары 18 қалада жұмыс істеп, 1500 адам тікелей жұмыс орнымен қамтылған, бұған қоса, біздің компанияға қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпорындарда бірнеше мың адам жұмысқа орнатылған.

14,3* млн адам немесе ҚР халқының 84% «Кселл» абоненттері болып табылады. 5 миллионнан аса** адам ғаламторға «Кселл» желісі арқылы ұялы телефондарынан шығады. 15 жыл ішінде компания абоненттері 100 миллиард минут сөйлесіп, 22 миллиард смс хабар жіберіп, 26 миллион Гб деректер жіберді. Сонымен бірге, компания желісінде деректерді тарату жылдамдығы 560 есе рет арта түсті: 2G желісінде 9,6 Кбит/сек бастап  3G HSPA DC желісінде 42 Мбит/сек дейін.

Ұялы байланыс көрсетілетін қызметтерге тарифтері төмендей беретін Қазақстан экономикасының жалғыз саласы болып келеді: «Кселл» желісінде бір минуттың орта бағасы соңғы 12 жылда 9 есе рет төмендеп, қазіргі уақытта 4,7 теңгені құрайды*. 15 жыл ішінде ұялы байланыс ондаған мыңдар өмірді сақтап қалды, жүздеген қылмыстарды ашуға көмектесті, көптеген отбасыларды сақтап, миллиондаған қазақстандықтың тағдырларын қосты. Егер 1999 адамдардың көбі кәдімгі сағаттың оятарына оянған болса, 2014 жылы бізді ұялы телефондарымыз оятады. Қазіргі кезде адам ұйықтар алдында ұялы телефонына қарап, оянған кезде де алдымен сол затқа қолын созады.

Kcell компаниясының алғашқы 15-жылдығын атап өте, біз, ең алдымен, біздің тұтынушыларымызға алғыс білдіреміз. Біздің байланысты таңдап, сіздердің туыстарыңызбен, достарыңызбен, серіктестеріңізбен күнделікті өмірде және оның ең маңызды сәттерінде байланыс орнатуда бізге сенгеніңіз үшін көп рахмет. Біздің корпоративтік тұтынушыларымызға көп рахмет: сіздердің бизнестеріңізге қолайлы болып, оның өсімі мен дамуына үлес қосу біз үшін аса мәртебе. Бүгінде Kcell – Қазақстанның байланыс саласының танымал көшбасшысы әрі шикі зат секторынан тыс ірі инвестор. Экономиканың аса маңызды инфрақұрылымдарының бірі, байланыс саласын дамыту арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға үлес қосу біз үшін өте маңызды» – деді Әли Аған, «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры.

* «Кселл» АҚ 2014 ж. 30 қаңтардағы Жылдық қаржы есбіне сәйкес.
**2013 ж. 31 желтоқсандағы жағдай бойынша. 

You might also like More from author