Intel мен ASUS компаниялары Transformer Book T100 1-де 2 құрылғысының мүмкіндіктерін көрсетті

4

1-ДЕ 2 құрылғысы: Intel® Atom™ заманауи төрт ядролы процессор негізіндегі ASUS Transformer Book T100 – бұл бір құрылғыдағы ультрашағын ноутбук пен 10-дюймдық планшет.
3 сәуір күні Алматы қаласында INTEL корпорациясы мен ASUS компаниясы планшет ұтқырлығы мен ноутбук мүмкіндіктерін қоса қамтыған Intel шешімдері негізіндегі жаңашыл 1-де 2 құрылғысының тұсаукесерін өткізді.

Intel® Atom™ төрт ядролы процессор негізіндегі ASUS Transformer Book T100 әмбебап құрылғысында планшеттің көркемділігі және ыңғайлылығымен бірге ноутбук қуаттылығы мен өнімділігі қоса қамтылған. Оның алынбалы 10-дюймдық HD-дисплейі Windows 8.1 басқаруындағы дербес планшет ретінде бөлек қолданыла береді.

Ең бастысы – ішінде 1-де 2 жаңа құрылғысының электр қуатын тамаша үнемдеуі мен жоғарғы өнімділігін Intel Atom Z3740 төрт ядролы процессоры қамтамасыз етеді (кодтық атауы Bay Trail-T). Bay Trail процессорлары – Intel корпорациясының ДК арналған алғашқы көп ядролы бір кристалды жүйелері болып отыр, қазіргі уақытта олардың өнімділік көрсеткіштері аса жоғары және планшеттер мен өзге де жіңішке ұтқыр құрылғыларға арналады. Intel процессоры Transformer Book T100 дербес жұмысының ұзақтығын 11 сағатқа дейін қамтамасыз етеді.

Александр Хоменко, Intel корпоративтік технологиялар жөніндегі маманы: «Bay Trail процессорлары – бұл 1-де 2 пішіміндегі қолжетімді әрі ыңғайлы құрылғылардың негізі. Intel ғажап өнімділікті, құрылғының батареядан ұзақ уақыт жұмыс істеуін және қазіргі қолданушылардың барлық қажеттіліктерін қанағаттандыратын функционалды мүмкіндіктердің кең жиынтығын қамтамасыз ететін кристалды мықты жүйені ойлап шығарды».

ASUS компаниясының 1-де 2 құрылғысының иелері кез келген қосымшаларды пайдалана алады: әуен тыңдап, бейне көреді, ойын ойнап, тиімді жұмыс істей алады. Қосымшалармен әрекеттесу үшін эргономикалық пернетақта, Windows 8.1 ишараттарын қолдайтын мультисенсорлы тачпад және түс пен ауқымды көру өрістерін (178°) керемет беретін мультисенсорлы IPS-дисплей бар.

Амантай Алтанұлы, ASUS TeK компаниясының техникалық маманы: «ASUS Transformer Book T100 – өте ұтқыр компьютер: оның салмағы ноутбук тәртібінде 1 кг асса, планшеттік құраманың салмағы бар болғаны 550 грамды құрайды. Үйлесуіне байланысты планшет 32 немесе 64 Гб кіріккен флеш жадымен және micro SD жад карталарына арналған слотпен жабдықталған, ал док-станцияда сыйымдылығы 500 Гб дейінгі қатты дискіні орналастыруға болады. Қазақстандық тұтынушылар біздің нарықта қолайлы бағамен иеленуге болатын 1-де 2 жаңа құрылғысының құндылығын бағалай алады».

You might also like More from author

  • Magzhan Abilhair

    ТИМУР саган бир усыныс бар ед

    • timusha

      Айтыңыз

    • timusha

      Emailga jauap bermedin goi?

    • “ІТ-тірлік” журналы

      Менен емайл алмадың ба?