«Кселл» – ASTEX 2014 стратегиялық әріптесі

0

2014 жылдың 19-20 мамырында Астанада АSTEX-2014 халықаралық көрме- конференциясы өтуде. Ол биыл Қазақстанда екінші рет GGlobal VII Астана экономикалық форум аясында болып жатыр. Осы көрменің стратегиялық әріптесі ретінде «Кселл» компаниясы әрекет етуде. Ұйымдастырушылар- ҚР Байланыс және ақпараттандыру агенттігі, «Зерде» Ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі және «ИКТ даму қоры».

 «Кселл» үшін алға ұмтылу өте маңызды, бірақ инновациялық технологияларды жіберу кезінде пионер болу қажет. Біз коммуникация технологиясы барлығына қол жетімді болатындығына сенімдіміз. Қазір біздің қызметтер-бұл қоғам өмірі мен бизнестің әр түрлі саласында алмастырмайтын көмекші болып отыр. ASTEX секілді осындай деңгейдегі шаралар Қазақстандағы IT-индустриясын дамытуда өте маңызды екендігіне сенімдіміз, олар әлемде жүзеге асырылған ең үздік бизнес-үлгілермен танысуға тәжірибемен алмасу үшін мықты алаңды құрады».- деп атап өтті «Кселл» АҚ-ның атқарушы директоры Али Аган.

Қазақстанда ASTEХ-ке қатысу үшін әлемнің әр түрлі елдерінен 50 кәсіби спикерлер, ірі  инвесторлар, әлемдік ғаламтор-бизнесінің ойыншылары және аналитиктер келеді. Amazon.com онлайн-кітап дүкенінің және Blue Origin аэроғарыш компаниясының негізін салушы Джефф Безос «Ақылды» индустрияны құру тәжирибесімен бөліседі.  Қонақтардың арасында-  әлемдегі ірі Expedia .Inc туристік онлайн-компаниясының басшысы Дара Хосровшахи және TeliaSonera-дағы M2M бөлімшесінің басшысы Йохан Оберг бар.

АSTEX-2014-ті тағы да «ақылды» технологияның мейрамы деп те атайды. Қатысушылардың көптеген әр түрлі міндеттері бар, бірақ мақсаты біреу: «ақылды» технологияның көмегімен әр адамның өмірін қалай жетілдіру. Көрмеде инновациялық өңдеулер және әр түрлі бағыттардағы шешімдерді талқылайды: білім, денсаулық сақтау, электронды бизнес, ойын-сауық индустриясы, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ секторы, көлік. Олардың барлығын бір тақырып-электронды сауда біріктіреді.

Бүгінде электронды сауда-бұл әлемдегі ең қарқынды дамитын бағыт. Оған ғаламтор пайдаланушылар санының талпынысты өсуі, белсенді дамитын әлеуметтік желілер мен басқа интерактивті онлайн-платформалары әсер етті. АSTEX-2014-те төлем жүйесінің технологиялары big-data және монетизация, open data&open service, «ақылды» индустрия және «ақылды» орта және маңызды бағыттарының бірі – ұтқыр е-сауда көрсетілген.

You might also like More from author