AIESEC пен Microsoft қазақстандық талантты студенттерге көмектеседі

0

“Microsoft Қазақстан” компаниясы  AIESEC халықаралық студенттер ұйымының серіктесі болды.

Серіктестік  2015 жылға дейін бекітіліп, қазақстандық жастарды қолдау, қабілеттерін дамытып, кәсіпкерлікке икемдерін арттыру және жұмыспен қамтамасыз ету проблемасын шешуге ықпалдасу сияқты өзекті мәселелерді қамтиды. Бұл туралы, жақында Алматы қаласындағы Тұран Университетінде болған YouthtoBusinessForum конференциясында “Microsoft Қазақстан” компаниясының бас директоры А.Рештенко айтып өтті. Ол қызметтік өсу сабақтары туралы лекция оқып, өз тәжірибесімен бөлісті. Кездесуге 200-ден астам студент қатысып, инновация, кәсіпкерлік туралы маңызды ақпаратқа қанығып қайтты.

Айта кетерлік жәйт, 2006 жылдан бері Microsoft корпорациясы AIESEC ұйымымен бірлесе отырып, қазақстандық студенттердің тәжірибе алмасулары үшін Еуропа, Африка, Таяу Шығыс елдеріне жіберетін бағдарламаны жүзеге асырып келеді. Осы уақыт аралығында 2500 студент  Youth to Business Forum, International School of Leadership, Day of Leadership Development , Generation 350 жобаларына қатысу мүмкіндігіне ие болған.

You might also like More from author