«Балабақша» мобильдік қосымшасы үздік әзірлеме болып танылды

0

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ data.gov.kz порталының ашық деректерін пайдалану арқылы мобильдік қосымшаларды жасаған әзірлеуші-студенттер арасында жеңімпаздарды анықтады. Бұл туралы “ҰАТ” АҚ өзінің ресми сайтында www.nitec.kz мәлім етті.

Байқауда Астана, Қарағанды, Алматы қалаларының ЖОО мен колледж студенттері, Канада мен АҚШ-та оқитын Болашақ бағдарламасының шәкіртақы алушылары қатысты. Байқауды өткізу уақытысында 24 жұмыс түсті. Қатысушылар денсаулық сақтау, білім және мәдениет объектілері туралы мәліметтерді, сондай-ақ data.gov.kz порталында ұсынылған 700 деректердің басқа жиынтығын пайдаланды. Байқау жұмыстарын құрамында АТ (ақпараттық технология) саласындағы мамандар және белгілі қазақстандық блогерлер құраған білікті қазылар алқасы бағалады.

«Байқау Қазақстанда АКТ (ақпараттық коммуникациялық технология) саласын дамыту үшін үлкен әлеуеттің бар екенін көрсетті. Әзірше болашақ мамандықтың барлық қыр-сырын танып жатқан студенттер, көпшілікті қызықтыра алатын, қазір лайықты мобильдік қосымшаларды құруда. Барлық ұсынылған жобалар жоғары кәсіби деңгейде орындалған, олардың көп бөлігі Астана қаласының оқу, медициналық, мәдениет мекемелерін іздеуге арналған. Жеңімпаздардың жұмыстарынан басқа қазылар алқасын «Astana Expert», «Meken», «Z-map», «Open Data Tr» сияқты жобалар ерекше назар аудартты», – «ҰАТ» АҚ Бас архитекторы Таир Сабырғалиев айтты. Ол сондай-ақ, барлық қатысушыларға ашық дерекетер порталы арқылы өзінің жұмыстарын ілгерілетуге мүмкіндік беріледі, және олардың соңғы өңдеуінен кейін мобильдік қосымшаға сілтеме қойылатынын атап айтты.

Қазылар алқасы берген бағалардың негізінде «Балабақшалар» қосымшасын әзірлеген Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенті Олжас Тойтеев бірінші орынға ие болды. «Астана қ. балабақшаларының тізімі» мәліметтер жиынтығын қолдана отырып, жеңімпаз Астана қаласы балабақшаларының орналасу картасын, байланыс және т.б. ақпаратты көрсететін каталогын ұсынды. Қосымша балаларына балабақша таңдағысы келген ата-аналарға арналған, ол жерде мекетепке дейін білім беру мекемелері жайлы өз пікірін қалдыруға да болады.

Екінші орын «е-лицензиялау» қосымшасын әзірлеуші Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенті Сабит Тульбаевке тиесілі болды. Ол халыққа лицензияланытын салалар бойынша қызмет көрсететін мекемелер анықтамасын жасап шығарды. Мысалы, егер азаматқа көлігін техникалық байқаудан өткізу қажет болса, ол ТБО тізімін, олардың орналасқан, немесе қаланың өзіне қажетті жерінде орналасқан нотариустар тізімін таба алады. Ақпаратты жүйелендіру үшін автор data.gov.kz порталындағы мәліметтерімен ауқымды талдау жұмысын жүргізген.

С.Димерел атындағы университет студенті Адиль Омаровтың авторлығындағы «Астана Гид» Астана қаласы бойынша жолсерігі үшінші орын алды. Қосымша Астана қаласының әлеуметтік және мәдени орындары олардың геоорналасуы мен байланыс ақпараттары көрсетілген каталог ретінде берілген. Оның авторы ашық деректер порталындағы Астана қаласының барлық нысандары жайлы ақпарат қолданылған. Қазылар алқасы автордың қосымша дизайнына ерекше көңіл бөлгенін атап өтті.

23 қазан күні жеңімпаздар алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Еске сала кетейік, байқау data.gov.kz порталын дәріптеу және Қазақстан жастарын пайдалы мобильдік қосымшаларын әзірлеуге ынталандыру мақсатымен ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде жарияланған. Байқау талаптары бойынша қатысушылар API қолдана отырып, iOS, Android және т.б. платформаларында мобильдік қосымша әзірлеп шығару қажет болатын. Авторлық құқық әзірлеушінің өзінде қалады.

You might also like More from author