Мобильді байланыс операторының бұлт технологиясы – бизнесті жүргізудегі жаңа шешім

0

Бүгін Kcell мобильді байланыс операторы бұлт технологиясы жөнінде 40-қа жуық серіктес пен клиент қатысуымен конференция өткізді. Конференция барысында бұлт технологиясын қолданудағы әлемдік және Қазақстан тәжірибесі талқыланды. Сонымен қатар компания «Kcell Cloud» атты өзінің жаңа қызмет түрімен таныстырды.

«Kcell Cloud» – кәсіпорынға шығынды минималды түрде жұмсап, серверлік инфрақұрылымды жылдам ашуға мүмкіндік беретін қызмет. Аталған қызмет түрі барлық қажет сервисті ашып, оған әлемнің кез-келген түкпірінен қол жеткізуге жағдай жасайды. Ғаламтор желісіне қосылу – қызметті қолданудың жалғыз шарты.

«Kcell Cloud» жалға беріле алатын виртуалды серверлік инфрақұрылымға ие. Виртуалды сервер стандартты түрдегі сервердің толық жарамды баламасы. Бұл қызметті қолдану арқылы кәсіпорын жабдықты сатып алу, оны орналастыру және қолдануға кететін шығынды азайтады. Компьютер жадында көп орын алатын файлдарды немесе виртуалды флэш-картасы секілді үнемі қолданылатын материалдарды орналастыруға мүмкіндік береді. Бұл мұрағаттық құжат айналымы, көлемді мәліметі бар файлдар, презентациялар және т.б. болуы мүмкін.

Сервер жылдам ашылып, клиенттің қажеттіліктерін ескере отырып жұмыс жасайды. Жиырма төрт сағаттық колл-орталықтары мен менеджердің консультациялық қолдаулары қызметті қолдануға байланысты кез-келген мәселені шешуге көмек көрсетеді.

Байланыстың шифрлік арнасы пайдаланушының компания виртуалды серверіне қауіпсіз қосылуы мақсатында қолданылады. Компанияның дата орталықтары VMware TM виртуализация технологиясының негізінде салынған. Бұлттағы қоймадағы мәліметтерге қол жеткізу үшін әрбір клиенттің логині мен құпия сөзі болады. Осыған орай бұл қызметті қолданудағы құпиялылық міндетті түрде сақталады.

«Біз клиенттеріміздің баға жетпес серіктесі болуға тырысамыз. Сол себепті корпоративтік клиенттермізге арналған ұсыныстар, ең алдымен, олардың бизнесін дамытуға қолдау көрсетуге бағытталады. Бизнес-серіктестеріміздің жұмысын тиімді ету үшін инновациялық қызмет көрсетудің барлық түрлерін ұсынамыз. «Kcell Cloud» атты жаңа өнім – бұл техникалық шығындарды оңтайландыруға және бизнес-үрдістерді жетілдіруге бағытталған бұлтты технологиялардың кешенді ұсынысы», – екенін Ольга Цой, «Кселл» АҚ Бизнесті Дамыту Бөлімінің Директоры, атап өтті.

Бұлт бағдарламасын қамтамасыз ету жайлы алғашқы тұжырымдама 1960ж. АҚШ-та айтылған болатын. Алайда тек 2006ж. бастап Amazon, Google, IBM секілді компаниялар белсенді түрде осы бағдарламалар көмегіне жүгіне бастады.

IHS iSuppli, жүргізген зерттеулер нәтижесіне сай, 2017ж. қарай бұлт сервисын пайдаланушылар саны 1,3 млрд адамға жетеді. Microsoft зерттеуінің көрсетуінше Еуропада бұлт технологиясы компания бюджетін 40 есе үнемдейді. Сауалнамаға қатысқандардың 59%-ы бизнес тиімділігі жайлы, 57%-ы ақша үнемдеуі және 24%-ы компанияларында осы инновация түрінің ене бастағандығын айтты.

Қазақстанда бұлт технологиясы жақында дами бастады. Эксперттердің мәлімдеуі бойынша, Қазақстандағы бұлт технологиясы IT-қызметінің нарықтағы жалпы көлемінің 2%-ын құрайды.

* Қазақстан Даму Банкісінің аналитикалық мәліметіне сай

You might also like More from author