Әлемді өзгерткен 100 өнертабыс пен ұялы байланыс

0

Алматыда «Әлемді өзгерткен 101 өнертабыс» атты халықаралық мультимедия көрмесі ашылды. Көрме 4-ші қазаннан бастап «Dostyk Plaza» СОО-ғы SPACE Multimedia галереясында жұмыс істеуде.

Аталмыш көрмені жасау үшін Grande Exhibitions командасы АҚШ, Израиль, Қытай, Финляндия, Дания және т.б. елдердің ғылыми және көрме қызметі саласындағы халықаралық сарапшылар кеңесін тартқан болатын. Мұражай мен көрме кешендерінің директорлары әлем тарихының барысы мен адамзаттың дамуына әсер еткен 101 өнертабысты бірлесе отырып таңдап алды. Қазақстанда ол идеялы шабыт беруші – SPACE Multimedia галерея командасының арқасында қолжетімді болды.

«Біз өздігінен білім алу идеясын ең озық көрме технологияларының көмегімен ілгері жылжытудамыз. Осы көрмеге үлкендердің де, балалардың да келуіне болады. Кез-келген адам өзіне қызықты жаңа ақпаратты өте түсінікті түрде – бейне және дыбыс технологиялары көмегімен жиып алуына болады», – деп көрмені ұйымдастырушы Ғалия Иманова түсініктеме берді.

Көрмені Space Multimedia галереясы ұйымдастырған мультимедиялық шоу болып табылады. Жүктелу форматын SENSORY 4 бірегей жүйесі қамтамасыз етеді, ол кез-келген тарихи уақыт кезеңіне оп-оңай ауысу үшін анықтығы жоғары 40 кинопроекторлары, ауқымды экрандары, сапалы көлемді дыбыс пен заманауи графикадан тұрады.

Көрменің басты серіктесі – Activ ұялы байланысы болды, ол өзінің 15 жылдығына орай қазақстандықтарға осындай ерекше сыйлық сыйлады.

«101 өнертабыс» бірнеше миллион жылдан тұратын кезеңді қамтиды. Бұл кезде, адамзаттың дамуындағы ең сапалы серпін соңғы 100 жылда болды. Ұялы байланыс операторы ретінде біз үшін осы жобаның авторлары ұялы байланысты адамзаттың ілгері жылжуындағы негізгі факторға қосқаны өте маңызды. Қазақстанда GSM стандарты осы жылы өзінің 15 жылдығын атап өтті. Ұялы байланыс бізге одан да еркін болуға қолжеткізді: қазіргі кезде ұялы телефон жұмыс істейтін дүниенің кез-келген нүктесінен қалаған адаммен қарым-қатынас жасауға, сондай-ақ, бизнесті де басқаруға, әртүрлі жұмыстық мәселелерді де шешуге болады. Осы 15 жыл ішінде ұялы байланыс он мыңдаған өмірді құтқарып, жүздеген қылмысты ашуға көмектесті, ол көптеген отбасыны сақтап қалып, миллиондаған Қазақстандықтың тағдырын қосты. Абоненттеріміздің сан қырлы мүддесін жарқын, қызықты, әрі еліктіргіш пен өнімді коммуникацияның бірегей кеңістігінде біріктіретін Activ байланысымыздың 15-жылдығы құрметіне біз осы көрмеге қолдау көрсеттік. Абоненттеріміз бір-бірімен қарым-қатынас жасап өмір сүруге және жаңалықтар ашуға өз серпінін беретін адамның шексіз мүмкіндіктерінен күш-жігер алады деп үміттенеміз», – деп атап өтті «Кселл» АҚ-ның бас атқарушы директорының м.а. Рикард Слунга.

«Әлемді өзгерткен 101 өнертабыс» – бұл Grand Exhibitions австралия компаниясының жобасы, ол халықаралық көшпелі көрмелерді ұйымдастырумен айналысады. Осы көрме компаниясының есебінде – әлемнің 70 қаласында әртүрлі білім беру-сауықтыру экспозицияларына қатысқан 6,5 миллион адам бар.

Алматыда көрме 2 ай жалғасады, содан кейін SPACE Multimedia галереясындағы оның орнын Grandе Exhibitions компаниясының келесі жобасы алады.

Келушілерге арналған ақпарат:

SPACE Multimedia галереясының орналасқан мекен-жайы: Достық даңғылы – Жолдасбеков көшесінің қиылысы, «Dostyk Plaza» СОО-ның 3-қабаты.

Көрме туралы толығырақ ақпаратты келесі сайттан табуға болады:
www.grandeexhibitions.com
www.mspace.kz

You might also like More from author