Кросс-платформалық қосымшаларды жасау бойынша InnCoding Hackathon өтеді

0

25-26 қазан күндері Microsoft Kazakhstan Назарбаев университетінде Қазақстанның бағдарлама жасаушы мамандары мен дизайнерлеріне арналған көп платформалық қосымшаларды жасау бойынша InnCoding Hackathon іс-шарасын өткізеді. Қазірдің өзінде тіркеуден өту арқылы кез-келген адам құрамына еліміздегі ондаған ең үздік кодерлер кіретін топтың мүшесі атанып, кроссплатформалық қосымшаларды өз бетінше жасап үйрене алады.

InnCoding Hackathon – бұл 48 сағат ішінде шеберлікті игеріп, кодты жазып, iOS, Android және Windows Phone құралдарына арналған қосымшаларды жариялап, сыйлық алуға мүмкіндік беретін бірегей шара! Жұмыс барысында туындаған барлық сұрақтарыңыз бен қиындықтарды шешуге біздің жаттықтырушылар, сарапшылар мен бағдарлама жасаушылар көмек береді, әрбір қатысушы олармен жеке сөйлесе алады.

Қазірдің өзінде қай тақырыпқа қатысты қосымша жасайтыныңызды таңдауға болады:

1. Free style: кез-келген тақырып, үздік қосымшаны жасау үшін сайтты басқаруға арналған кез-келген жүйені пайдалануға болады.

2. C# Forever: тақырыпты өзіңіз таңдайсыз! Сайтты басқаруға арналған Visual Studio 2013 немесе Xamarin жүйелері. С# тілінде 2-3 платформаға арналған әмбебап қосымшаны жаса!

3. Open World: тақырыбы – egov.kz порталының ашық деректерін пайдаланатын қосымша! Қазақстандықтарға пайдалы ақпаратты жеткіз!

4. Hunger Games – Unity жүйесінде ойындарды жасаймыз!

Алдымен топты жинау керек! Қатысушылардың санына шектеу жоқ. Ең бастысы – көңілді болсын және жұмыс жасауға қабілетті қосымшаны 2 күн ішінде жасасаңыз болғаны!
Әрине, InnCoding Hackathon-ға келердің алдында жақсылап дайындалып алғаныңыз жөн!
Ұйқысыз 48 сағат! 48 сағат бойы код жазу! 48 сағат бойы көтеріңкі көңіл-күй!

Қайда өтеді? Мекен-жайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана, Қабанбай батыр даң., 53, Назарбаев Университеті

Мына сілтеме арқылы тіркелуге және барлық толық ақпаратты алуға болады:

http://events.tech-club.kz/Event/EventDetails/3012

You might also like More from author