Айфон құрылғысына қазақша клавиатура орнату

1

Өздеріңізге белгілі, Apple компаниясының өнімдері – айфон және айпад құрылғыларында қазақша әріп жоқ болатын. Алайда, iPhone смартфондарының алтыншы буынымен бірге қолданушыларға жол тартқан жаңа операциялық жүйе iOS8-де бұл олқылықтың орны жойылды. Енді, custom keyboard, яғни кез-келген бағдарламашаның қолынан шыққан қосымша пернетақтаны қолдануға толық мүмкіндік бар. Соның нәтижесінде, қазақша жазу мүмкіндігі де пайда болды. Сіздердің назарларыңызға бүгін, көпшіліктің біздерден жиі сұрауына байланысты, қазақша клавиатура орнату барысын көрсетеміз.

Төмендегі видеода қадам-қадам бойынша жасалған нұсқаулық, енді бұдан былай сізге өзіңіздің телефоныңыздан таза қазақша жазуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл клавиатураның ерекшелігі – сіз клавиатураның баптауын қазақ тіліне қойып, кириллицамен орысша жаза бастасаңыз болды, клавиатура сөздерді өзі қазақшалап, түзейді. Мысалы, сіз “Кеширерсиз, менде казакша ариптер жок” деп жазсаңыз, клавиатура “Кешірерсіз, менде қазақша әріптер жоқ” деп түзейді. Яғни қазақ әріптерін өзі тауып алады. Иә, техниканың аты техника, оның үстіне бұл алдын-ала енгізілген сөздер тізбегі арқылы жасалғандықтан, арасында сіздің кейбір жазғыңыз келген қазақша сөздерді өзінің қорынан таппай қалуы мүмкін. Сол кезде сіз қазақша әріпті өз қолыңызбен терсеңіз де болады. Ол үшін к, н, у, и, о, г, а, х әріптерінің үстінен ұзағырақ басып тұрсаңыз, сол әріптерге балама қазақ әріптері шығады.

Ал енді бұл бағдарламаны қайдан көшіреміз деген сұраққа жауап мінеки: Adaptxt бағдарламасы

Ендеше, пайдаңызға жарасын! Бұл нұсқаулықты достарыңызға көрсетуді немесе емайл арқылы сілтемесін жіберуді ұмытпаңыз. Бәлкім, ол да қазақша жазғысы келіп жүрген болар.

You might also like More from author

  • НҰРБАНК

    СӘЛЕМЕТСІЗ БЕ? БҰЛ ТЕК АЙФОН 5,5С ТЕРГЕ ЕКЕН ГООЙ(((