АҚШ-тан жоғалған iPhone Қытайдан табылды

0

Мэтт Стопер атты америкалық қолданушы өзінің жоғалған iPhone телефонын Қытайдан тапты. Ол өзінің су-жаңа iPhone телефонын қарап отырып, кездейсоқ танымайтын адамның селфилерін тауып алады. Суретке қарап отырып селфи Қытайда түсірілгенін, оны түсірген Қытай азаматы екенін анықтаған. Алайда “ол кім және менің телефоныма қайдан түсті?” деген сұрақ маза бермеген екен.

Ең алғашында Мэтт телефонын біреулер бұзып кетті деп ойлаған. Алайда түсіне келе, адамдармен кеңесе келе бар кінәрат iCloud бағдарламасында болып шыққан:

Мен iCloud бағдарламасына кірген болатынмын. Бірақ, оның қалай жұмыс жасайтынын, не үшін керек екенін өмірі түсінбегенмін. Ал бұл селфилер менің бұрынғы телефоныммен түсіріліп, iCloud-тағы менің жеке аккаунттарым арқылы телефоныма түсіп отырған екен.

Осылайша америкада жоғалған смартфон Қытайда жарқ ете қалды.

Сөйтіп, көп ұзамай Мэттке эксперттерден жауап келіп түседі. Олардың айтуынша жоғалған телефондардың көбісі сұранысқа ие елдерге лезде кетіп қалып отырады. Мэттің бүгінгі ситуациясы дәл сол оқиғаға келеді.

iCloud бағдарламасы арқылы өзінің бұрынғы иелеріне сурет жіберу бірінші рет болып отырған жоқ.  Мысалы Ибицада демалысқа кеткен неміс журналисті өзінің жоғалған телефонынан, жаңа телефонына Дубайдан суреттер, селфилер түсіп отыратынын айтқан.  Журналист бұл оқиғаға еш өкінбестен, көп ұзамай lifeofastrangerwhostolemyphone.tumblr.com атты блогты іске қосады да, ұрланған телефоннан келген суреттерді жариялар отырады.

You might also like More from author