Жапония Олимпиадада сөздерді аударуға ұялы қосымша қолданады

0

Жапония ІІМ және Panasonic компаниясы, NTT телекоммуникация компаниясы біріге отырып, 2020 – жылы Токиода өтетін олимпиада ойындарына арнап, жаңа смартфонға қосымша (приложения) істеуді бастап кетті. Бұл қосымша олимпиада да сөйленетін сөздерді бір мезетте, әлемнің бірнеше тіліне аударуға мүмкүндік береді екен. Жапония министрлігі қосымшаны Олимпиада кезінде қаптап келетін шет елдік қонақтарға арнап шығармақ.

Бұған дейінгі жасалынған қосымшалардың барлығы делік қысқа сөздерді ғана аудара алады екен. Оның үстінде олар, тек әлемдегі белді тілдер ағылшынша, жапонша, французшаға ғана аудара алады. Ал бұл қосымшаның басқаларынан айырмашылығы көптеген тілге, қала берді қиын сөз тіркесерін де аудара алады-мыс. Сондай-ақ, қосымшаны бағдарламашылар өз ауруын айтып тұрған шет елдікті тез түсініп алып, жедел көмек көрсету  мақсатында да қолданады.

Аудармашы-қосымша былай жұмыс жасайтын болады: айтылған сөздерді құрылғының (смарфтонның, планшеттің) микрофоны арқылы жазып алады, оны автоматты түрде аудармалау жүйесіне жібереді. Бірнеше секундтан кейін аударылған сөзді экранға шығарады немесе дауыстап айтады.

Жапония үкіметі Олимпиадаға бағдарлама жасап шығаруға осы жылы 1,4 млрд иена (11 мон доллар) жұмсамақ. Бұндай қаржы алдағы төрт жыл бойы да құйылатын болады.

 

 

You might also like More from author