Ресейде шенеуніктерге Yotaphone-ды күштеп ұстатпақ

0

Кремльдің төрінен орын алған кез-келген шенеунікке, ендігі кезекте Ресейлік электрониканы күштеп пайдаландырмақ ниетте. Олардың қатарында су-жаңа смартфон Yotaphone да бар.

Yotaphone компаниясы шенеуніктерге арнайы нұсқасын дайындайтын болады. Осылайша бір жағынан смартфонды жарнамалап, екінші жағынан қарапайым халыққа үлгі көрсетпек ниетте-мыс.

Ескерте кететін жайт: бұл шара  Ресейде белең алған дағдарысқа қарсы ойлап табылған іс-шараның бір бөлігі ғана. Шет елдік өнімдерден бас тартып, өз өнімдеріне көшкелі отырған Ресейліктер, болашақта тағы да басқа электроника өнімдеріне көз тіге бастайды.

Ресейліктер әйгілі америкалық iPhone смарфтонынан бас тартып, teXet компаниясы ұсынған iPhone-ның “көшірмесіне” көшуі де мүмкін. Бұл смартфонның америкалық ағасынан бір өзгешелігі бағасының арзандығында.

Тіпті, кейбір деректерге сүйенсек Ресей электроникасы өзге елдерден толығымен оқшаулануы да мүмкін, өз тауарларын қолдау, көтеру мақсатында. Шеттен келетін смартфондар мен басқа да өнімдерге шектеу қойып, өз өнімдерін ғана тұтынуы ықтимал.

You might also like More from author