Apple жасырын түрде электромобиль жасауды қолға алды

0

Соңғы жылдары әбден дамып, көтеріліп, қалтасы толған компаниялардың көбісі көлік шығаруға бет бұратыны бар. Солардың бірі технологиялық танымал компания Apple де “жасырын түрде” электромобиль шығаруға кірісіп кетіпті.

Электромобиль дегеніміз “Титан” деген атқа ие, кішкене ғана минивэн болып шықты. Бұндай көліктің дайындалып жатырғанын бас директор Тим Куктің өзі растады. Көлікті жасауға шамамен мыңға жуық жұмысшы тартылған екен.

fded0c5c26a466bc1674

Алайда бұл жоба толық белең алып, бәленбай қаржы құйылып жататын басқа жобаларға мүлде ұқсамайды. Шамасы Apple жігіттері “істей аламыз ба екен?” деп бағын сынап көргісі келген секілді. Америкалық The Wall Street Journal басылымының хабарлауынша  Apple тіпті, нарққа шығармай тастауы да ықтимал. Айтуларынша машинаға керекті технологиялар Apple-дің басқа өнімдеріне керек болып қалады-мыс. Жасырын деп отырғанымыз да сол.

Егер Apple электромоблиь шығаруды толыққанды қолға алатын болса, бүгінгі күні нарықта кең тараған көліктері бар Tesla мен Google секілді алыптармен бәсекелестікке түсуі шарт. Ал бұндай жағдайда “менде ақша аз еді”, “бұл технология, келесі өнімге керек болады” деген әңгімелердің жүрмейтіні ақиқат.

You might also like More from author