Apple компаниясы өзінің іздеу жүйесін жасап шығармақ

0

Ғаламға интернет сайттарымен емес, технологияларымен танылған Apple компаниясы ендігі кезекті өзінің іздеу жүйесін жасап шығармақ ниетте. Бұл туралы Apple компаниясының ресми сайтында хабарланды.

Технологиялық компания осындай жолмен өз технологиясының Google-ге тәуелділігін жойғысы келеді екен. Қазіргі таңда Apple-дің әдепкі іздеу жүйесі Google саналады. Оның үстінде Google “Алманы” пайдалана отырып, өзінің жарнамаларын көрсетіп көптеген қаражат табатыны да бар. Сондықтан Apple жарнамаларды Гулде емес, өз іздеу роботында қолдана отырып қомақты қаржы табуды көздеп отыр-мыс.

Алайда бұл істің болашағы әзірше бұлыңғырлау. Өйткені компанияның жоғарғы жағындағылар бұл туралы ләм деп ауыз ашпады.Ал, кей мәліметтерге сүйенсек, Apple өнімдерінің іздеушісі болуға Google кеткеннен кейін көптеген ірі іздеу роботтары ұсыныс білдіріп жатырған көрінеді. Олардың қатарында Yahoo да бар.

Алайда Apple іздеу роботын жасап шығарамын десе, ешқандай кедергі жоқ. Өйткені қазіргі таңда бұл орында әйгілі Amazon мен AltaVista-ға іздеуші жасап берген Уильям Стаситор есімді бағдарламашы жұмыс жасауда. Алайда арада төрт жыл өтсе де компания өз брендтінің атынан іздеу роботын жасауда бір ұсынбапты бұл жігітке. Ендеше сыбыс шығып жатыр, демек Уильям іске кірісетін шығар.

You might also like More from author