Apple Watch сағаттары 2015 жылдың сәуірінде шыға бастайды

0

Әлі шықпаса да, талайды тамсандырып үлгерген Apple Watch сағаттары әйтеуір жарыққа шығатын болды. Олар 2015 жылдың сәуірінде сатылымға шыға бастайды. Бұл туралы компанияның бас директоры Тим Кук жариялады.

Apple директоры Тим дәл қай күні шығатынын нақтылап айтқан жоқ. Алайда, шыққан күні сағаттар 349 доллардан бастап сатылатынын айтып қалды.

apple-watch-6_1

Компанияның ресми сайтында сағаттары үш түрлі модификацияда пайда болатыны толық сипатталған. Олар қарапайым түрі, спорттық үлгісі және премиум-класс. Сағаттардың формасы шаршы тектес және сенсорлы экранға ие. Сырты тоттанбайтын болаттан, алюминий және 18 каратты сары алтыннан жасалынылған.

Цифрблатта ең бірінші ауа-райын, валюта бағамын және жаңалықтарды көруге болады. Сондай-ақ, смартфоныңызбен етене жұмыс жасай алады. Телефоныңызға келген қоңыраулар мен хабарламаларды да көре аласыз. Сондай-ақ, сіздің басқан қадамыңызды да санай алады. Яғни, қай жерден бастап, қанша метр не км жүргеніңізді санап айтып бере алады.

Тағы да бір ғажап құралы, ол iPhone телефондарының камерасына пульт қызметін атқара алады. Яғни, телефонның алыста тұрғанына қарамастан сіз камераны сағатпен басқаратын боласыз деген сөз. Сағаттар Siri технологиясын қолданады, демек дауысты хабарламаны сағат арқылы жіберуге де болады.

Еске сала кетейік, Apple компаниясы смартфондар мен компьютер сатудан рекорд орнатқаны белгілі. Келесі маусымда сатылымға сағаттардың қосылатынын ескеретін болсақ, Apple байығаны үстіне, байи беретін түрі бар.

You might also like More from author