Car2Car – авто жүргізушілерге арналған сервис

0

Car2Car деген смартфонға арналған қосымша туралы хабарыңыз бар ма? Жоқ болар сәрі. Себебі бұл қосымша қазақ жерін шарлап жүргені шамалы және біздікілердің бұл дүниенің өмірде бар екенінен хабары аз. Car2Car – автокөлік жүргізушілері бір-біріне хабарлама жіберуге арналған құрылғы. Хабарлама жіберушінің есімі ретінде автокөлік нөмері қолданылады.

Бұл әлеуметтік жілінің қызметтерін қолданса да, әлеуметтік желі саналмайтын қосымша. Бұл қандай жағдайда жүргізушілерге көмектесе алатынын білесіздер ме? Мысалы, жолда келе жатып, бір көліктің бір жері жанып жатқанын көрсеңіз немесе жанармай багының ауызы ашық тұрғанын, дөңгелегі жарылғанын көрсеңіз, автокөліктің нөмерін қосымшаға енгізіңіз де, осы оқиға туралы иесіне хабар айтыңыз. Жүріп бара жатырған көліктердің сіздің мессенджеріңізде нөмері мен маркасы, түсі жазулы тұруы тиіс (егер жазса). Осылайша бұл сервис арқылы апаттың алдын алуға болады.

Сондай-ақ, қосымшада сіз мәртебе (статус) қолдана аласыз. Бір орында, бір жерде тұрсаңыз, “На парковке” мәртебесі дайын, жүріп келе жатырсаңыз “За рулем”, алыс жолда келе жатырсаңыз “В пути” және бара жатырған жеріңізді немесе келе жатырған жеріңізді көрсете аласыз.

78a870d0967c3aa45a92

Құрылғы жүрген жерін есте сақтайтын қауқарға ие. Яғни, бір-екі күн өтіп кеткен апатқа кінәліні іздеу керек болса, жай ғана мессенджерге “Осындай күні, осындай сағатта, осындай көшеде апат болды. Көргендер барма?” дегендей хабарлама жазып жіберсеңіз, мессенджер автоматты түрде сол күні, сол сағатта, сол көшеде болған көліктерді нөмері ақылы тауып алады-дағы, хабарлама жөнелтетін болады.

Бұл мессенджерді тек автокөлік апаттарында ғана емес, қандай да бір көшеде болған оқыс жағдай туралы да ескеру мақсатында қолдануға болады. Мысалы, бір ауданда жердегі құбырлар жарылды дейік. Ендеше сізге “Жақын жердегілердің барлығына ескерту” қызметі көмекке келе алады. Сіз “Бәленше жерде құбыр жарылған, көше жабық” деп хабарлама жазып, “жақын маңдағыларға” жіберіп қойсаңыз, жақын жердегі барлық көліктер автоматты түрде сіздің атыңыздан хабарлама алатын болады. Немесе суреттегідей жол апатына кінәліні іздеуге де.

screenshot_2014-05-12-23-22-32-270x480

Бір сөзбен айтқанда мессенджер тура желі ретінде қызмет атқарады. Жақын маңдағылар автоматты түрде хабардар болады, жақын маңдағылар сіздің қай орында тұрғаныңызды, қандай көлік екенін біле алады. Яғни, сіздің көлігіңіз мессенджердің “Жақын маңдағылар” қызметінің ішінде тұрса. Демек, сіз қарап отырған адамның көлігінен алыс емессіз деген сөз. Қосымша әзірше соншалықты кең тарала қойған жоқ. Алайда пайдасы әлеуметке зор екеніне күмән келтіре алмаймыз.

You might also like More from author