Google Play дүкеніндегі “дурак” миллиондаған анроидты құртты

0

Әйгілі Google компаниясына тиесілі Google Play дүкенінде аса қауіпті бағдарлама анықталды. Бұл жолы айхай астында “Дурак” ойыны қалды. Себебі, дәл осы ойынды көшіріп алған көптеген смартфондар жұмысын жасамай, аса қауіпті вирус жұқтырады екен.

Ойынды қондырған адамдардың ұялы телефондары алғашқы уақыттарда жақсы жұмыс жасай беріпті, қауіпті ештеңе байқалмаған. Алайда арада бір-екі апта өткенде бағдарлама өзімен-өзі қайта жаңарту жұмыстарын (обновление) жүргізе береді, вирусты хабарламалар келіп бағдарламаны жаңарт дейді, тіпті, телефон бетіне қайта-қайта жарнамалық баннерлер шығып кете берген. Бұның бәрі әлгі “Дурактың” әлегі болып шықты. Қолданушылар жарнаманы басып, сілтеме арқылы өтсе, күмәнді сайттарға кезігеді және автоматты түрде өте қымбат хабарламалар (бірлік көп алатын) жөнелтіле беруді шығарады. Компания өкілдерінің айтуынша қолданушылар қауіпті бағдарламаларды көріп тұрса да, ешқандай қарсы әрекетке бармаған.

Қазіргі таңда компания Google Play құрамында вирусы бар барлық қондырғыларды толығымен жойып тынды.  Алайда бағдарламашылардың айтуынша бұндай вирустар Google Play дүкеніндегі көптеген бағдарламалар мен ойындарда кездеседі және оларды кәсіби деңгейде анықтап, көзін құртатын антивирус бағдарламалары жетіспейтін көрінеді. Яғни, кез-келген антивирус өз кезегінде вирустарға тосқауыл қоя алмайды-мыс.

You might also like More from author