Google vs Яндекс. Кім мықты? Кім жүйрік?

0

Әлемдік ғаламтордың өзінің жүйріктері, тұлпарлары бар. Олар қаптаған қалың сайттың арасынан оқ бойы озып шығып, шаңына сайт ілестірер емес.  Соның бірі және бірегейі – америкалық Google екені даусыз. Бүгін де бұл іздеу роботы әлемдегі ең танымал, ең үлкен қонағы бар сайт деген атқа ие. Кәсіп болған соң, оған қарсылас кез-келген сигментте табылатыны анық. Көпшілік оған қарсылас ретінде ресейлік Яндексті ұсынады. Алайда Яндекс, өзінің америкалық қарсыласына көп жағдайда есе жіберетіні белгілі. Дегенмен ТМД аймағында кеңінен қолданылып жүрген екі алыпты салыстырып, қайсысы мықты, қайсысы қолайлы екеніне өзіміздің азаматтық пікірімізді білдіре кетсек.

Бастапқы беті

Screenshot-2013-10-01-12.16.36-520x338Гуглдің бастапқы беті баршамызға белгілі бір іздеу формасынан және кішкене қосымшалардан тұрады. Ешқандай жарнама немесе  жаңалықтарды бұл жерден көре алмайсыздар. Әрине, жаңалық үшін басқа, арнайы орын қарастырылған.

 

Screenshot-2013-10-01-12.19.14-520x338Ал Яндекстің бастапқы беті не, Майлдың бастапқы беті не, айырмашылық аз. Қаптаған Яндекстің баннерлері мен контекстік жарнамаларын көруге болады. Онымен қатар ауа-райы, валюта бағамы да бар. Бұл жағдайда біз ресейліктерді мақтай алмаймыз. Өйткені жарнама, қолданушыларға қашанда ұнамаған және ұнамайды да. Сонымен есеп 1-0, гуглдің пайдасында.

Іздеу нәтижесі

Сіз іздеген сөздің нәтижесін қай робот қалай шығарады? Тексеріп көрелік.

Google

yandex

 

 

 

 

 

Көріп тұрғандарыңыздай, ресейлік робот “қазақшамен” онша дос емес екен. Өйткені “Қазақстан” деген киелі сөзге бар-жоғы 1 млн жауап шығарып тұр. Ал америкалық Гугл “Қазақстанға” 10 млн 100 мың жауап шығарып берді. Бұл жалпы тек осы сөзге ғана емес, барлық қазақ сөзіне қатысты…. Сондықтан, қазақ тіліміздің құдыретін есептемегені үшін, Яндекс тағы да ұтылады. Есеп 2-0, америкалықтардың пайдасында.

Пошта қызметі

Яндекс компаниясында жұмыс жасайтындардың көбісі жеке мақсаты үшін gmail.com поштасын қолданады екен. Бұл жерде қайсысы жақсы екенін айтпай-ақ түсінуге болады. Алайда айтып өту парызымыз.

Screenshot-2013-10-01-12.36.37Screenshot-2013-10-01-12.35.33

Яндекстің поштасы да жаман емес. Дизайны маған ұнай қойған жоқ. Пошта толығымен орыс тілінде жұмыс жасайды.

Ал gmail поштасының дизайны қарапайым, әрі заманауи. Көптеген веб-плагиндер қосылып қойған. Алайда айқын басымдылық байқай алмағандықтан есеп өзгеріссіз 2-0.

Карталары

Ғаламтор картасы деген сөзді естісек, ойға бірден Google Maps пен Bing келетіні ақиқат. Алайда Яндекстің де картасы Ресейде кеңінен қолданылады. Сондай-ақ оны қолдануды отандастарымызда ұмыт қалдырмауда. Яндексте дизайн өте қарапайым, шашыраңқы жасалған. Әрң Яндекс дизайнерлері карталарын ұмытып кетті-ау шамасы…?

Google2 yandex2
Яндексте жер серіктік түрімен қарағанда тіпті, мемлекеттің атауы, бірде шығып, бірде мүлдем көрсетпей тұратыны да бар. Ал, Гуглден ондай қателікті байқамадық. Барлығы өз орнында. Дизайнды тіпті керемет қылып жасаған, тура жердің өзін әкеп қоя салған секілді. Сондай-ақ кез-келген қаланың ішіне кіріп, аралап жүруге арналған панорамалық көріністері жылдам, әрі ыңғайлы жүзеге асады. Алайда, Яндексте Қазақстандық қалаларды аралау мүмкіндігі бар да, Гуглден суреттен басқаны байқай алмадық. Сондықтан Яндекске осы үшін бір балл берелік енді. Есеп 2-1.

Музыка

Музыканы іздеу үшін жастар жағы көбінесе арнайы музыкалық сайттар немесе әлеуметтік желілердің көмегіне жүгінетінін білеміз. Алайда белді роботтардың да сервистерін қолданатын халық жеткілікті. Бұл тұста тағы да ұпайды Яндекске жаза салғымыз келіп тұр. Себебі Google Music Қазақстанда өз жұмысын әлі күнге бастаған жоқ. Ал Яндексті сіздер бүгін де қолдана аласыздар. Есеп теңесті 2-2. Қызу тартыс енді басталды…

Офис жұмыстарына арналған және домен қызметтері

Егер сіз сайт ашу мақсатында домен сатып алсаңыз және оған пошта және басқа да қызметтерді қосқыңыз келсе Google сізге мынадай мүмкіндіктер береді: Пошта, күнтүзбе, бұлтты диск, қарапайым офис пакеті, Hangouts чат қызметі және т.б. Ал Яндекс болса сізге тегін тек поштасын ғана сыйлай алады.  Есеп 3-2.

Браузерлері

Google Chrome – әлемдегі ең танымал және ең жылдам браузер ретінде танымал. Алайда Яндекстің де браузері жаман емес екен. Мен өзім Google Chrome браузерін пайдаланамын. Неге? Себебі мен жалпы Google компаниясы ұсынған сервистерді пайдаланамын, сізге қайсысы ұнайды, соны пайдаланғаныңыз жөн.

Ұялы телефонға арналған құрылғылары

Сізде iPhone немесе iPad аппараттары болса, онда сіз қалаған іздеу жүйесін бастысы етіп қондырып қоя аласыз. Ал егер сізде Samsung болса немесе басқа да Android бағдарламасын қолданатын телефондар (ондайлар көп) болса, сіз бұл жерде Google қызметтерінен аса алмауыңыз мүмкін. Себебі Android-тың өзі сол Google компаниясына тиесілі емес пе? Алайда көптеген смартфондарда YouTube сынды бейнехостингтердің қондырылып келетінін ескерсек, америкалықтардың озық тұрғанын оңай сезуге болады. Сонымен есеп 4-2 гуглдің пайдасында.

Бейнежазба қызметтері

Әлемдегі ең танымал сайттың бірі сөзсіз – YouTube. Ал бұл сервис Google компаниясына тиесілі. Яндекстің бейнехостингін қолданатын адамды мен тіпті байқамадым. Көп сөз айтпай да қояйық, есеп 5-2.

Иә, ағайын! Біздің бүгінгі шолуымыз, салыстыруымыз өз мәресіне де жетіп қалыпты. Бізде Ггул чемпион атаып отыр. Ал сіздер үшін қайсысы жақсы? Ол туралы пікір қалдырсаңыз болады.

You might also like More from author