Tesla Motors компаниясы туралы не білеміз?

0

Элон Маск деген есім сіздерге таныс па? Мүмкін, танырсыз, мүмкін, жоқ. Алайда тек Қазақстанда емес, әлемде бұл кісіні танитындар тым аз екен. Бұндай үнсіз байлыққа ие болып жүрген адам, тілшілер мен қарапайым адамдардың назарын аудартты. Ендеше Қазақстан жеріне келіп үлгермеген, алайда шет елде қолданысқа еніп кеткен, Тесла көліктерін шығаратын компанияның қалай құрылғанына, кім құрғанына толық тоқтала кетсек.

Тесла – ол бензин немесе газ қолданбайтын, экологиялық таза және спорттық үлгідегі электромобиль. Бұл көліктердің 3,2 секундта 100-110 км/сағ дейін жүре алатын қауқары бар. Осындай жетістікпен Porsche, Ferrari, Lamborghini, Audi сынды көліктермен бір қатарда тұр.

Негізінде Тесла сынды автокөлікті шығару Элонның емес, Мартин Эберхард есімді жігіттің ойына келеді. Алайда инженер Мартин автокөлік жасаудан ештене түсінбейтін болыпты. Бірақ, аккумулятор жасаудың қас шебері екен. Сондықтан осы көлікті құрастыруға белше кіріскенде Мартин машинаның “жүрегін” істеуді қолға алады.

Бұл істі өрге домалатып, қойған мақсатты толық орындау үшін Мартинге қаржылай демеу керек болады. Табады, ол – PayPal компаниясынан Элон Маск және Google-дің Сергей Брині мен Ларри Пейджі болды. Тікелей осы жігіттердің арқасында әлемде 2003 жылы “Tesla Motors” атты жаңа компания дүниеге келеді. Компания атауы танымал серб ғалымы Николь Теслдің құрметіне қойылады.

 Latus Elise көлігі және Tesla 

 Latus Elise көлігінің Теслаға не қатысы бар екенін білесіздер ме? Компания ең алғашқы электромобилдерді дәл осы спорттық көліктерді сатып алып, артынша толық өзгертіп тастайды да, су жаңа спорттық көлік құрастырып шығара қояды.

TeslaMotors Бензинді қозғалтқыштардың орнына, Мартин бастап құрастырып шығарған электр қуаттағыш орнатады. Алайда Тесланың құрамындағы жігіттер көлік құрастырудың майталмандары болмағандықтан, Latus Elise-дің өте қиын жүйесінің кесірінен жұмысты тұралатқысы келмеген Мартин мен Элон Latus компаниясынан жұмысшыларды біртіндеп тарттыра бастайды. Алайда кейінірек бұл оқиға аты-шулы дүрбелең туғызып, бәрі өз орындарына қайтарыла қояды. Сол кезде Теслада бар-жоғы 100 шақты адам ғана жұмыс жасаған екен.

Сонымен компанияның ең алғашқы жемісі 100 км жылдамдыққа 4 секундта жетіп баратын және 210 км/сағ масимум жылдамдығы бар, қуат көзі 400 шақырымға дейін жететін, қуатты қарапайым разетканың көмегімен толтырып алуға болатын Tesla Roadster көлігі болды. Көлік 2006 жылдың маусымында жарыққа шығып, $ 100 мың долларға сатылды.

Компания 2007 жылы дағдарысқа ұшырай жаздады

TeslaMotors22007 жылы компанияны кенеттен нарық қысып, қаржы таппай, түпкілікті дағдарысқа ұшырау мүмкін болып тұрды. Алайда компания басшысы ауысып, бас директорлыққа Зеев Дрори есімді кәсіпкер жайғасады. Ол келе салысымен компанияның 10% жұмысшысын жұмыстан босата салады. Қатаң тәртіпті ұстанған оның кезінде компания сәл болсада көтеріліп қалды. Алайда Дрори бір жылда отырмай, жұмыстан өз еркімен босап кетеді. Компанияның тоқырау алдында тұрғанын сезген Элон Маск өз қалтасынан 70 миллион доллар қаржы құяды да, бас директорлық тағын өз меншігіне алады.

Маск компанияны толық қолына алғанда талай қиыншылықты бастан өткереді. Компания төрт жылда бар-жоғы 2250 түйір спорттық көлігін сатады. Оның үстінде көлікті өзге елдерге жеткізу де бір үлкен мәселеге айналды. Көліктердің дәрежесін көтеріп, абыройын асқақтату үшін, танымал америкалық Top Gear бағдарламасына да қатыстырған екен. Алайда көмегі аз болады.

Компания АҚШ билігінен нәсие алады

2009 жылдың маусымында Tesla Motors компаниясы АҚШ энергетика министрлігінен $465 млн көлемінде нәсие алады. Неге екені айтпаса да түсінікті. Экологиялық таза көліктерді қаржыландыру америкалықтарға тиімді, әрі пайдалы бола кетеді. Ол нәсиесінен 2013 жылдың мамыр айында толық құтылады.

E`lon-MaskОсындай қиыншылықты басынан өткеріп, компанияны биік дәрежеге жеткізіген Элон Масктің және оның әріптестерінің еңбегі жайлы соңғы кездері баспасөз құралдары жарыса жаза бастады. Иә, Маск басқарған компания бүгінде Fiat, Mitsubishi, Suzuki, Isuzu компанияларынан қымбат тұрады. Ал Элонның өзі бір емес, бірнеше компанияға иелік етіп, миллиардер деген атқа ие болып шыға келді.

You might also like More from author