IT-тірлік
  • Home
    • Home – Layout 1
    • Home – Layout 2
    • Home – Layout 3
    • Home – Layout 4
No Result
View All Result
IT-тірлік
No Result
View All Result
IT-тірлік
Home Мақалалар Шолулар

Yotaphone 2: Ресейлік смарфтон бәсекелестікке шыдап бере ала ма?

Мағжан Әбілхайыр by Мағжан Әбілхайыр
09/02/2015
in Шолулар
0
yota-promo-3
Share on FacebookShare on Twitter

Технологияның жаңалығын аңдып, зың қақпай тыңдап отыратын біз секілділер болмаса, қарапайым халық Yotaphone деген смарфтонның бар екенінен хабарсыз. Неге? Жарнама әлсіз жүргізілді ме? Жарайды, атын естісе де бұл смартфон көрші Ресейге тиесілі екенін көбісі тағы біле бермейді. Қысқасы, сол “белгісіз” смарфтон, батыстағы және шығыстағы смарфтоншылармен бір бәсекелстікке түсіп көрмек.

YotaPhone-2

Yotaphone 1 әлдеқашан шығып қойған. Оны бізде естімей қалдық. Тек екінші нұсқасы назарға ұсынылғанда барып, “бар екен-ау” деп қарап отырмыз. Бұл смартфон алғаш шыққан кезде, ғаламторда Ресейліктердің өзі ұната қоймағанын көруге болады. Өйткені, орыстардың айтуынша, Ресей америкалықтар сынды немесе Қытай, Корея сынды смарфтон жасауға қауқарсыз. Өкпелеулерінің себебі мынада: қораптың сыртында “Made in China” деп жазылған, экраны – Оңтүстік Кореяда жасалынған, процессоры – америкалық, Yota Devices компаниясының өзі Кипрде тіркелген. Ресейлік еш нәрсе жоқ, Ресей азаматтары құрастырды демесеңіз. Бұл жайлы компания өкілдері “Біз барлығын өзіміз шығарып, “велосипед” шығарғаннан гөрі, сапалы дүниеледі пайдалануды жөн санадық” деп шыр-пыр болды.

Бұл смартфонның басқаларынан қызықтыратын бір фишкасы бар. Ол – қос экранды болғандығы. Артында біреу, алдында біреу. Осындай іс-қимылмен әлемдегі қос экранды алғашқы смартфон деген атақ та алып үлгерді.

yota-promo-3

04

Техникалық мінездемесі былай:

  • ОС: Android 4.4.3
  • Желілері: LTE, UMTS, GSM/EDGE
  • Процессор: 4 ядра, 2,2 ГГц, Qualcomm Snapdragon 800
  • Амалдық жад (оперативная память): 2 ГБ
  • Бекітілген жад (встроенная память): 32 ГБ
  • Камера: 8 Мп, автофокус, жарқылдақ (вспышка), фронталды камера 2,1 Мп
  • Түрлі-түсті дисплей: 5’’, 1080×1920, AMOLED, 442 ppi, Gorilla Glass 3
  • Қара-ақ дисплей: 4,7’’, 540х960, 16 градаций серого, 235 ppi, Gorilla Glass 3
  • Интерфейс: Wi-Fi 802.11 a/b/g/n/ac, microUSB 2.0, Bluetooth 4.0, NFC
  • Навигация: A-GPS, GLONASS
  • Аккумулятор: 2500 мА*ч, беспроводная зарядка Qi
  • Көлемі: 144,9х69,4х8,95 мм, вес 145 г
  • Бағасы: 110 000 тг

Yotaphone ерекшелігі қос экранында екенін айтып өттік. Екі камерасы бар, бірі басты камерасы, бірі селфиге арналған. Алайда бұл телефонда сіз артқы экранды пайдалана отырып, басты камерасымен сапалы селфи түсіре аласыз. Алайда осындай ерекшеліктеріне қарамастан ескерте кететін бір жайт: Yotaphone 2 смартфонының сыртқы келбеті де, техникалық мінездемесі де танымал Google Nexus 5-ке қатты ұқсайды. Алайда Yotaphone Қазақстанда 110 000 теңгеден сатылып жатса, Google Nexus-ті 70 мың – 80 мың теңге аралығында сатып алуға болады.

Бұл смартфонның әзірше нарықты жарып тұрғаны шамалы. Көбісі оның қымбаттау бағасын көріп, шошып жататыны бар. “Үйреніскен жау атыспаққа жақсы” деп, баяғы айфонымыз бен самсунгымызды ұстай берейік дейтін болар. Патша көңіліңіз білсін!!!

Previous Post

YouTube-та видеоны әр-түрлі ракурстан қарайтын мүмкіндік пайда болды

Next Post

Айфон құрылғысына қазақша клавиатура орнату

Мағжан Әбілхайыр

Мағжан Әбілхайыр

Related Posts

Car2Car – авто жүргізушілерге арналған сервис
Шолулар

Car2Car – авто жүргізушілерге арналған сервис

by Мағжан Әбілхайыр
18/02/2015
s67116691
Google

Google vs Яндекс. Кім мықты? Кім жүйрік?

by Мағжан Әбілхайыр
04/02/2015
Canon Pixma MG6340 принтеріне шолу
Шолулар

Canon Pixma MG6340 принтеріне шолу

by "ІТ-тірлік" журналы
05/06/2013
Windows 8-ге шолу немесе Microsoft-тың кезекті жүйесі
Шолулар

Windows 8-ге шолу немесе Microsoft-тың кезекті жүйесі

by "ІТ-тірлік" журналы
24/04/2013
Next Post
Айфон құрылғысына қазақша клавиатура орнату

Айфон құрылғысына қазақша клавиатура орнату

translate

Жапония Олимпиадада сөздерді аударуға ұялы қосымша қолданады

Facebook қолданушылары өз аккаунтарын мұраға қалдыра алады

Facebook қолданушылары өз аккаунтарын мұраға қалдыра алады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Advertisement Banner

Recommended Reading

    TOP REVIEW

    About Us

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    Follow Us

    Ілмектер

    ASTEX-2014FacebookgoogleАстанаДропбоксЕрлан ҚаринИнтернет желісіМайкрософтМаңғыстауСтэнфордЯндександройдбағдарламабағдарламашыблогбұлт технологиягуглжарысжасанды интеллектжаңа медиажаңа технологияинтелинтернеткомпьютерконференциялинуксмаркетингпоштапрограммистроботсайтсайттар байқауыстартапсұхбаттицтуиттерфорумфотоаппаратшолуҚазақтелекомҚазнетқұжат сақтауҰлттық Интернет-сыйлығыҰлттық Интернет Ассоциациясыәлеуметтік желілер

    Recent News

    Миллиардерлер ғарышты бағындыруға неліктен ақша салуда?

    Миллиардерлер ғарышты бағындыруға неліктен ақша салуда?

    15/03/2016
    Microsoft мамандары «Microsoft Developer Tour» экспедициясы барысында қазақстандық бағдарламашылармен кездесті

    Microsoft мамандары «Microsoft Developer Tour» экспедициясы барысында қазақстандық бағдарламашылармен кездесті

    28/04/2015
    • About
    • Advertise
    • Privacy & Policy
    • Contact

    © 2018 JNews"IT-тірлік" ақпараттық-танымдық журналыIT-тірлік.

    No Result
    View All Result
    • Home
      • Home – Layout 1
      • Home – Layout 2
      • Home – Layout 3
      • Home – Layout 4

    © 2018 JNews"IT-тірлік" ақпараттық-танымдық журналыIT-тірлік.

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Fill the forms bellow to register

    All fields are required. Log In

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In