YouTube-та видеоны әр-түрлі ракурстан қарайтын мүмкіндік пайда болды

0

Google компаниясына тиесілі, бұл күні әлемдегі ең танымал сайттардың бірі және бірегейі YouTube сайтында видеоны әр-түрлі ракурстан қарайтын мүмкіндік пайда болды. Бір айтып қалғанда түсініксіздеу нәрсе. Сондықтан толығырақ, әрі жан-жақты жаза кетейік.

Естеріңізге сала кетейік, YouTube сайты Adobe Flash технологиясын, HTML5 технологиясына ауысырған-ды. Айтуыларныша атақты Flash, замануи және ылғи жаңартылатын HTML5-ке есе жібереді екен. Ал енді сол бағдарламашылар HTML5-тің тағы бір жаңа қырын пайдаланғысы келіпті. Ол – бір видеоны (әрине бірнеше камера қолданса, егер) жан-жақтан, әр-түрлі ракурстан қарай алатын мүмкіндік беретін ыңғайын жасап шығару. Мashable.com блогының айтуынша, YouTube бұл мүмкіндікті әзірше жай тексеріп жатқан көрінеді.

Компанияның айтуынша бұл технология ауқымды іс-шараларды, концерттер мен спорттық ойындарды жан-жақтан тамашалауға мүмкіндік береді және өте ыңғайлы.

Егер түсінбесеңіздер, мына сілтемемен өтіп, тексеріп көре аласыздар. Видеоны осында орнатуға болмайтын болып шықты. Сондықтан оны тек YouTube сайтынан көре аласыздар.

You might also like More from author