Microsoft мамандары «Microsoft Developer Tour» экспедициясы барысында қазақстандық бағдарламашылармен кездесті

1

11159465_1112679108749007_664785969377214101_nАстана, 2015 жылдың 28 сәуірі – Бүгін Microsoft мамандары «Microsoft Developer Tour» бірегей технология экспедициясы барысында Қазақстанның бағдарлама жасаушы мамандарымен кездесті. 200-ден астам қатысушының басын қосқан конференция кезінде компания мамандары бұлт сервистер, кросс-платформа әзірлемелері туралы сөз қозғап, компанияның ең озық технологияларының артықшылықтарымен таныстырды.

«Microsoft компаниясының басты міндеттерінің бірі – бағдарлама жасаушы мамандарға ең жаңа технологияларды игеруге көмектесу, – деді Microsoft Kazakhstan бас директоры Алексей Рештенко. – Оларды оқыту және оларға қолдау көрсету бағдарламалық өнімдердің сапасын арттыруға септігін тигізіп, Қазақстанның инновациялық экономикасын нығайтады және жалпы алғанда нарықтың дамуына жағдай жасайды. Сондықтан да біз үлкен технологиялық жобамызды сәтті іске асыра алғанымызға қуаныштымыз және осы бастамамызды ары қарай міндетті түрде жалғастыратын боламыз».

Астана қаласы «Microsoft Developer Tour” технологиялық экспедициясының жол бағытындағы соңғы нүкте болып отыр. Өз саяхатын Санкт-Петербургтен бастаған Microsoft сарапшылары Минск, Ростов-на-Дону, Краснодар, Самар, Нижний Новгород, Казань, Пермь, Екатеринбург, Челябинск, Новосибирск және Томск қалаларында болып қайтты.

Технологиялық сапар жасалған әрбір қалада Microsoft сарапшылары бағдарлама жасаушы мамандарға арнап іс-шаралар өткізіп, мобильдік қосымшалар мен ойындарды жасаудың қыр-сырымен бөлісті, бұлттық және уеб-әзірлемелердің ерекшеліктері туралы әңгімелеп, жиналғандардың көз алдында компанияның ең озық құрылғылары мен сервистерін көрсетті. Экспедиция ең соңғы Windows 10 операциялық жүйесін және Visual Studio 2015 жаңа нұсқасын іске қосу, сондай-ақ, Azure және Office 365 бұлт сервистерін жаңарту қарсаңында өткізіліп отыр.

«Біздің елімізде Минсктен және Петербордан бастап, Новосібір мен Астанаға дейінгі аралықта тұратын бағдарлама жасаумен айналысатын талантты мамандар өте көп. Олардың қолынан шыққан қосымшалар Ресей мен ТМД аумағында және де бүкіл әлем бойынша үлкен табыстарға жетуде, – деп атап өтті Ресейдегі Microsoft компаниясының Стратегиялық технологиялар департамент директоры Михаил Черномордиков.Біз технологиялық болашақты бірлесе құру мақсатында интерактивтік технологиялық экспедиция аясында бағдарлама жасаушы мамандармен бетпе-бет кездесіп отырғанымызға қуаныштымыз».

Экспедицияның бас серіктестері – Unity және Componenta компаниялары, технологиялық серіктесі – iRU компаниясы. Сондай-ақ, жобаға Кинодоктор компаниясы қолдау көрсетті.

Экспедицияның Қазақстандағы серіктесі – «Nazarbayev University Research and Innovation System» Жекеменшік мекемесі.

Ақпараттық серіктестер – Alfa, Profit.kz, Dixinews.kz, IT-tirlik, Hinews.kz, Astinfo.kz, Geek.kz.

Экспедицияға қатысушылардың толық тізімімен келесі сілтемеге өту арқылы танысуыңызға болады: http://events.techdays.ru/msdevtour/partners.

You might also like More from author

  • Ali

    Салаумаллейкум Тимеке, email ге шыгасызба, бір усыныс бар еді… a.aliev94@mail.ru