«Microsoft Developer Tour” технология экспедициясы Астанаға жақындап келеді

0
Microsoft Developer Tour
Майкрософт девелопер тур

2015 жылдың 28 сәуір күні «Microsoft Developer Tour» интерактив технология экспедициясымен Астанаға келген Microsoft мамандары қазақстандық бағдарламашылармен кездесу өткізеді

Шара барысында компанияның білікті мамандары ұялы қосымшалар мен ойындарды жасау, бұлттық және уеб-әзірлемелердің ерекшеліктері туралы сөз қозғап, компанияның ең озық технологияларының артықшылықтарымен таныстыратын болады.

Негізгі спикерлер:

  • Андрей Ивашенцев, стратегиялық технологиялар жөніндегі сарапшылар бөлімінің жетекшісі, Microsoft Ресей;
  • Андрей Бешков, ақпараттық қауіпсіздік бағдарламалары бойынша жетекші, Microsoft CEE;
  • Андрей Андреев, әзірлеме технологиялары жөніндегі маман, Microsoft Kazakhstan.

Кездесу орны, уақыты: Назарбаев Университеті, Қабанбай батыр көш. 53, сағ. 09:00-де.

Бағдарлама жобасын келесі сілтемеге өтіп көріңіз: http://events.techdays.ru/msdevtour/astana

Жоба туралы ақпарат:

«Microsoft Developer Tour” технология экспедициясы 18 наурызда Санкт-Петербургте басталып, Ресей мен Беларусьтің ең ірі 11 қаласына сапар жасап, өз жолын 27-28 сәуірде Астанада аяқтайын деп отыр.

Технологиялық сапар жасалған әрбір қалада іс-шаралар өткізіліп, оның барысында Microsoft сарапшылары ұялы қосымшалар мен ойындарды жасау, бұлттық және веб-әзірлемелердің ерекшеліктері туралы баяндамаларымен шығып, компанияның ең озық технологияларының артықшылықтарымен таныстырды.

Экспедиция ең соңғы Windows 10 операциялық жүйесін және Visual Studio 2015 жаңа нұсқасын іске қосу, сондай-ақ, Azure және Office 365 бұлттық сервистерін жаңарту қарсаңында өткізіліп отыр.

You might also like More from author